Жазу жолындағы әріптерді жазу. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың тақырыбы

Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

  • Г дыбысы және әрпімен таныстыру, өтілген дыбыстарды қайталау.
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.
  • Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
  • Буынға бөлу туралы түсінікті дамыту.

2) Тәрбиелік

  • Әдептілікке, адамгершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

  • Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Тіл байлығын арттырып, сөздерді байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдістер

Әңгімелесу, түсіндіру, топтастыру жұмысы.

Көрнекі құралдар

Кеспе әріптер мен буындар, үлестірмелі суреттер, әліппе дәптері.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарының дайындығын тексеру.

Өтілгенді қайталау: «Бір айналым сөйлеу» ойыны

Оқушылар ішінде Ү дыбысы бар сөздерді ойлап айтады. Әр оқушы бір сөзден айтып, кезекпен жалғастырады.

үкі күріш күлкі жүзік т.б.

II. Жаңа сабақты түсіндіру

Сұрақ-жауап

Мұғалім: Қазір қай мезгіл?

Оқушылар: Күз мезгілі.

Жұмбақ арқылы жаңа дыбысты табу

Гүлде бар, Менде жоқ. Шегеде бар, Бізде жоқ.

Жауабы: Г.

Г дыбысы мен әрпімен танысу

  • Г әрпінің баспа және жазба түрлерімен танысу, ауада жазып көру.
  • Дауысты ма, әлде дауыссыз ба екенін анықтау (Г — дауыссыз дыбыс).
  • Г дыбысы бар сөздерді айту және дыбыстың сөздегі орнын табу (басы, ортасы).

Мысал: есімдер құрастыру

«Гүлжан» сөзінде бірінші естілетін дыбыс — Г. Г дыбысынан басталатын адам аттарын ойлап табайық:

Гүлсім Гауһар Гүлнар Гүлбаршын

Г дыбысының таңбасы тақтаға жазылады: Г г.

III. Оқулықпен жұмыс

Буындарды оқыту

Бір буынды және екі буынды тіркестерді оқыту:

га гу ги е-гіз ше-ге е-геу не-ге

Сөздерді оқу және түсіндіру

Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру. Г дыбысы сөздің басында да, ортасында да кездесетінін байқату.

IV. Дәптермен жұмыс

Жазылым

  • Жазу жолындағы әріп үлгілерін сауатты жазу.
  • Буындық диктант: та, га, са, ра, ге, гіз.

Сөйлем құрау

Оқушылар сурет пен сызбаға сүйеніп сөйлем құрап жазады:

Ол — гүл. Далада да, үйде де өседі.

«Ойлан, тап!» ойыны

Берілген әріптен басталатын сөздер мен есімдерді атау:

Г → Гүл Гүлсім Гүлжан Гүлнар

Сурет бойынша жұмыс және сергіту

Сурет бойынша әңгіме құрастыру, кейін сергіту жаттығуын орындау:

Кел, балалар, ойнайық,
Тектен текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық,
Үзіп алып бақтардан,
Жолдастарға сыйлайық!

V. Сөздік диктант

Төмендегі сөздерді мұқият тыңдап, дәптерге жазу:

шеңгел ауа су ну ту ана ата

VI. Қорытындылау және бекіту

Сұрақ: Біз бүгін не үйрендік?

Жауап: Г дыбысы мен әрпі.

Оқушылардың білімін бағалау.

VII. Үй тапсырмасы

«Егеу», «шеге» сөздеріне байланысты суреттермен жұмыс жасау (суреттерді қарап, атау, дыбыстық талдау жасау).