Шымкентте даладан табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды
Шымкентте көшеден табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды
Шымкентте көшеден қансыраған күйде табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды. Облыстық №2 перинаталдық орталықтың қызметкерлері шақалақты Жұлдыз Сақтаған деп атады. Бұл туралы «Отырар» арнасы хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, сәби қазір өз өмірі үшін күресіп жатыр. Ақ халаттылар қолдан келгеннің бәрін жасап, қажетті көмекті үздіксіз көрсетуде.
Нәресте қоқыс тастайтын орыннан табылғаннан бері жағдайы әлі де ауыр. Дәрігерлер соңғы төрт күн бойы баланың өмірі үшін арпалысып жатқанын айтады.
Қазір балақай облыстық №2 перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Оқиға қалай болған?
Жаға ұстатар жағдай 25 ақпан күні болған. Сәби жаңа туған күйінде «Даумед» медициналық клиникасының маңындағы қоқыс орнына тасталып кеткені хабарланды.
Қансырап жатқан баланы байқап қалған орталық қызметкерлері оны бірден перинаталдық орталыққа жеткізіп, шұғыл медициналық көмек көрсеткен.