Анимацияның Показ слайдов - Настройка командасын орындау
Сабақтың тақырыбы
PowerPoint 2000 бағдарламасында слайд-фильмдер жасау.
Білімділік
PowerPoint 2000 бағдарламасында слайдтар құруды үйрену және мүмкіндіктерін тиімді қолдану.
Тәрбиелік
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық
Презентация жасау, безендіру және мазмұнды ұсыну дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- ДК
- Жұмыс дәптері
- Слайдтар
- Тапсырмалар
Сабақтың түрі
Практикалық элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті сабақ.
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру
A) «Ойланайық» — қайталау сұрақтары
- 1. Пернетақтадан слайдтарды көрсету командасын орындау үшін қай функционалдық пернені басамыз?
- 2. PowerPoint 2000 бағдарламасында презентация құрудың қандай тәсілдері бар?
- 3. Презентация дегеніміз не?
- 4. Слайд деп нені айтамыз?
- 5. PowerPoint 2000 бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- 6. «Мастер автосодержания» мүмкіндігі қандай?
- 7. Бос презентация деген не?
- 8. PowerPoint 2000 мәзірі қандай бөлімдерден (менюлерден) тұрады?
- 9. Презентацияны баспаға беру командасы қандай?
Ә) «Өзіңді тексер» — шығармашылық жұмыс
Оқушыларға компьютерде MS Word құжатында сақталған «Жаңа Қазақстан» тақырыбындағы материалдағы суреттерді пайдаланып презентация жасау тапсырмасы беріледі.
III. «Біліп ал» — жаңа сабақты игеру
Алдыңғы сабақта біз «слайд» және «презентация» ұғымдарын, презентация жасау, сақтау және баспаға беру жолдарын қарастырдық. PowerPoint 2000 мүмкіндіктері өте кең: слайдқа объектілер енгізіп, оларды ерекшелеу арқылы өлшемін, орналасуын, түсін, шекарасын және басқа да параметрлерін өзгертуге болады.
Слайдқа анимация қосу
Бүгін слайдтарға анимация қою тәсілін үйренеміз. Ол үшін объектіні тышқанмен белгілеп, келесі команданы орындаймыз:
Осыдан кейін терезенің оң жақ жоғарғы бөлігінде «Эффекты анимации» өрісі пайда болады. Сол өріс арқылы объектінің слайдқа кіруі және слайдтан шығуы үшін әртүрлі анимация әсерлерін таңдауға болады.
Анимация түрлері көп, сондықтан әсерлер аудитория назарын аудартатындай, бірақ шамадан тыс емес, жинақы әрі эстетикалық болғаны дұрыс.
Музыка немесе дыбыс қосу
Слайдқа музыка немесе дыбыс енгізу үшін:
Автофигура және WordArt объектілерін кірістіру
Слайдты көркемдеу үшін автофигуралар мен WordArt объектілерін қосуға болады:
Объектілердің пайда болу ретін басқару
- 1 Анимацияны баптау үшін Показ слайдов → Настройка командасын орындаңыз.
- 2 Тізімнен объектіні таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түрін, дыбыстық сүйемелдеуді және басқа параметрлерді өзгертіңіз.
- 3 Осы әрекеттерді әр объект үшін кезекпен қайталаңыз.
Анимация әсерлерін қолданғанда тиісті құралдар панелін пайдалануға болады.
Слайдтар алмасуы және арнайы әсерлер
Слайдтардың ауысуын және көрсету кезіндегі арнайы әсерлерді таңдау үшін:
Көрсетуді тоқтату немесе жалғастыру
Слайдтарды көрсету кезінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, келесі командалардың бірін таңдауға болады:
Көрсету кезінде басқару пернелері
- Келесі слайд: тышқанмен шерту, Page Down, Enter.
- Алдыңғы слайд: P, Page Up.
- Белгілі слайдқа өту: слайд нөмірін теріп, Enter басу.
- Қара экран: B пернесін басу.
Презентацияны «демонстрация» түрінде сақтау
- 1 Презентацияны ашыңыз.
- 2 Файл → Сохранить как командасын орындаңыз.
- 3 Тип файла тізімінен Демонстрация PowerPoint параметрін таңдаңыз.
Көрсету түрінде сақталған файлдың кеңейтімі — .pps. Мұндай файлды жұмыс үстелінен ашқанда слайдтар көрсетілімі автоматты түрде іске қосылады. Көрсетілім аяқталған соң PowerPoint жабылып, жұмыс үстелі қайта қалпына келеді.
Егер көрсетілім PowerPoint ішінен іске қосылса, ол аяқталғаннан кейін презентация ашық күйінде қалып, оны әрі қарай өңдеуге болады.
IV. «Орындайық» — жаңа сабақты бекіту тапсырмалары
A) Слайд-фильм құрастыру
«Табиғат және адам сұлулығы» тақырыбындағы презентациядан бірнеше слайд көшірмесін алып, жаңа слайд-фильм жасаңыз.
Ә) Құжаттан суреттер алып, слайд-фильм жасау
MS Word құжатында сақталған «Лондон олимпиадасының чемпиондары» тақырыбындағы материалдан суреттерді алып, сол тақырып бойынша жаңа слайд-фильм құрастырыңыз.
- Суреттерді слайдқа кірістіріп, анимация беріңіз.
- Чемпионның аты мен спорт түрін WordArt арқылы жазып, мүмкіндіктерін қолданып, анимация қосыңыз.
Б) Жарнама жасау
Мысалы: компьютер, шаңсорғыш, қысқа толқынды пеш, ұялы телефон, интернет тақырыптарының бірін таңдап, жарнамалық презентация әзірлеңіз.
В) Бекіту сұрақтары
Бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді тексеру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
- 1. Мәзір жолағында қандай менюлер бар?
- 2. Бас мәзірдің мүмкіндіктері қандай?
- 3. «Кірістіру» (Вставка) менюі арқылы не істеуге болады?
- 4. Анимация түрлерін қалай қоямыз?
- 5. Слайдты көрсету командасы қандай?
V. Үй тапсырмасы
Белгілі бір тақырып таңдап, жаңа презентация құруға қажет материалдарды жинақтап келіңіз.
VI. Бағалау
Оқушылардың практикалық жұмыстары, тапсырмаларды орындау сапасы және сұрақтарға жауаптары бойынша бағаланады.