Дәстүрден тыс әдіспен бейнелеуді үйрету

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу Өтпелі тақырып: «Дені саудың – жаны сау» Апта тақырыбы: «Өзіңді өзің қорғай біл»

Тақырыбы: «Қыста аулада балалар ойнап жүр»

Бұл оқу қызметі қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылауға, қысқы ойындарды әңгімелеуге және дәстүрден тыс әдіспен аққаланы бейнелеуге бағытталған.

Мақсаты (білімділік)

  • Үлкендер еңбегін түсіндіру.
  • Қысқы табиғат көрінісін ауызша бейнелеу.
  • Күзде ағаш жапырағының түсетінін ұғындыру.
  • Көрген бейнені қағазға түсіре білу.
  • Дәстүрден тыс әдіспен бейнелеуді үйрету.

Мақсаты (дамытушылық)

  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Қиял мен бейнелі ойлауды жетілдіру.

Мақсаты (тәрбиелік)

  • Қысқы табиғат ерекшеліктерін байқауға тәрбиелеу.
  • Қоршаған ортаны бейнелі қабылдауға дағдыландыру.

Билингвальды компонент

Қыс
зима
Қар
снег
Аққала
снеговик

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сурет салу, сұрақ-жауап, жұмбақ, қимылдық ойын.

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар

Қысқы ойындар суреттері, АКТ, мақта таяқшалары, тіс пастасы, әйнек, ылғалды сүрткіштер, баяу музыка.

Оқу қызметінің барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане, бәріміз шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық».

Шаттық шеңбері

Бейнежазба арқылы.

Жұмбақ

Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып, бет домбығып, Балдырғандар ойнайды. Кейде ұлып, кейде ысқырып, Ұйытқып боран соғады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Қыс мезгілі.

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
    Жауап: Қыс мезгілі.
  • Сұрақ: Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
    Жауап: 3 айдан тұрады.
  • Сұрақ: Қыс айларын атаңдар.
    Жауап: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Талқылау

  • Белгілері: Күн суытады, аяз болады, боран соғады, табиғатта өзгерістер байқалады.
  • Қысқы ойындар: Шанамен сырғанау, қармен ойнау, аққала жасау.

2) Негізгі кезең

Балалар қысқы ойындарға арналған суреттерді қарап, шаңғы тебу мен шанамен сырғанау көріністерін талқылайды. Кеше серуен кезінде ойнаған ойындар еске түсіріледі: шанамен сырғанау, қар лақтыру.

Тақпақ (қысқы ойындар туралы)

Жапалақтап ала қар, Жауып күнде қайталап, Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап. Жұлдыз болып ағамыз Ақ мамықтың үстімен. Біз спортшы боламыз, Үлгі аламыз күштіден.

Бақылау және ынталандыру

Балаларға Владимир Ивановтың қыс көрінісіне арналған туындысы көрсетіледі. «Біз суретші секілді дәл салмасақ та, өзіміздің қолымыздан келгенше әдемілеп бейнелейміз» деген бағыт беріледі. Сурет салмас бұрын бейнежазба қаралады.

Билингвальды қайталау

Орыс тілінде: қыс — зима, қар — снег, аққала — снеговик.

Аққаланың құрылысы

  • Аққала үш бөліктен тұрады: үлкені — төменде, ортаншысы — ортада, кішісі — жоғарыда.
  • Басына шелек салынады, қолы таяқшалармен бейнеленеді.
  • Мұрны — сәбізден, көзі — көмірден (түстері: қызғылт сары, қара).

Дәстүрден тыс сурет салу тәсілі

Негізгі материал

Қарындаш не су бояқ емес — тіс пастасымен сурет салу.

Орындау

Көз бен мұрынды мақта таяқшасымен салу. Тәсіл көрсетіліп, кезең-кезеңімен түсіндіріледі.

Сергіту сәті

Бейнежазба арқылы қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Дидактикалық ойын

«Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»: қысқа қатысты суреттерді таңдап, жапсыру.

Қимылдық ойын

«Шаңғы тебу».

Тақпақ (аққала туралы)

Домалатып ақ қарды, Ұлпа қарлар жинаймыз. Үлкен, кіші, орташа Дөңгелектеп құраймыз. Мұрнын жасап сәбізден, Бас киімін шелектен. Көңілденіп секіріп, Аққаланы жасаймыз.

Қорытынды бөлім

Қайталау сұрақтары

  • Қысқы ойындарды атаңдар.
  • Біз ненің суретін салдық?
  • Аққала неше бөліктен тұрады?
  • Қандай әдіспен салдық?

Балалардың жауаптары толықтырылады, жұмыстар талданып, бағаланады. Оқу қызметі қорытындыланып, балалар мадақталады.

Қорытынды ой

Қыс мезгілі — көңілді ойындар мен әсем табиғат көріністеріне бай тамаша кезең.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Қыс мезгілін және оның негізгі ерекшеліктерін біледі.

Игереді

Суретке қарап, қысқы ойын түрлері туралы әңгіме құрауды игереді.

Меңгереді

Аққаланы дәстүрден тыс әдіспен (тіс пастасымен) бейнелеуді меңгереді.

Автор туралы

Сарсенова Лаззат Сериккалиевна

Атырау қаласы, Бірлік ауылы

№33 «Көркемай» балабақшасының ересек топ тәрбиешісі