Сабағымыздың мақсаты
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу негізгі мектебі КММ
География пәнінің мұғалімі: Кәрімжан Әлішер
Сабақтың тақырыбы
Гидросфера — Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылар гидросфераның негізгі компоненттерін, судың өмір үшін маңызын, қасиеттерін және оны қорғау жолдарын меңгереді.
Дамытушылық
Шығармашылық және белсенді қабілеттері, картамен жұмыс дағдылары, логикалық ойлауы дамытылады.
Тәрбиелілік
Адамгершілікке, өз бетімен ізденуге және жауапкершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, тест.
- Суретпен жұмыс (су айналымы арқылы дүниежүзілік су айналымын түсіндіру).
- Жаратылыстану пәні бойынша жеке жұмыс дәптерімен жұмыс (10–11-беттер).
- Топтастыру, кестемен жұмыс, тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап және сәйкестік тесті арқылы қайталау жұмысы жүргізіледі.
1) Материк дегеніміз не?
Материк — құрлықтың жан-жағынан мұхиттар мен теңіздер қоршаған ең ірі бөлігі. Оны континент деп те атайды.
2) Ғаламшарымызда неше материк бар?
| Материк | Аумағы |
|---|---|
| Еуразия | 54 млн км² |
| Африка | 30,3 млн км² |
| Солтүстік Америка | 24,2 млн км² |
| Оңтүстік Америка | 18,3 млн км² |
| Антарктида | 14 млн км² |
| Аустралия және Мұхит аралдары | 9,0 млн км² |
3) Картадан ірі аралдарды көрсет.
Тапсырма: картадан ірі аралдарды тауып, атауларын белгілеңіз.
4) Архипелаг дегеніміз не?
Аралдар жеке-дара да, топ болып та кездеседі. Аралдар тобы архипелаг деп аталады.
5) Біздің еліміз қай материкте орналасқан?
Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің орталығында орналасқан.
Сәйкестік тесті
Сұрақтар
- Ең ыстық материк
- Ең үлкен арал
- Архипелаг
- Ең үлкен материк
Жауаптар
- Африка
- Гренландия
- Аралдар тобы
- Еуразия
Ескерту: Оқушылар жұппен жұмыс жасап, сәйкестігін дәлелдейді.
«Су деген тіршіліктің наны емес пе? Су жоқ жерде өмір жоқ — ол ақиқат. Күміс су қара жердің сәні емес пе?» — деп ақындар жырлағандай, бүгінгі сабағымызды су тақырыбына арнаймыз.
III. Жаңа сабақ
Мұхиттар мен теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, мұздықтар және атмосферадағы су буы — бұлардың барлығы Жердің су қабығын, яғни гидросфераны құрайды.
Атауы грек тілінен шыққан: hydro — «су».
Судың негізгі қоры
97%
Мұхиттар мен теңіздер сулары. Олар бірігіп Дүниежүзілік мұхитты құрайды.
Неліктен ішуге жарамсыз?
Мұхит пен теңіз суында тұз мөлшері жоғары болғандықтан, су кермек дәм береді және ішуге жарамайды.
Теңіз суының тұздылығы
35 г/л
1 литр теңіз суында орта есеппен 35 грамм тұз болады (негізінен ас тұзы және магний тұздарының ерітінділері).
2. Топтастыру
Топтастыру әдісі арқылы оқушылар гидросфераның құрамын жүйелейді: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, мұздықтар және атмосферадағы су буы.