Әдебиет теориясына қатысты көркемдегіш сөздерді көре білуге, сезе білуге баулу
Сабақтың тақырыбы
Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесі.
Сабақтың мақсаттары
а) Білімділік мақсат
- Романдағы кейіпкерлер жүйесін талдау арқылы Қайрош бейнесін ашу, шығарманың идеялық-көркемдік мәнін терең түсіндіру.
- Әдебиет теориясына қатысты көркемдегіш құралдарды тануға, байқауға және сезінуге бағыттау.
ә) Тәрбиелік мақсат
- Кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін талдата отырып, оқушының рухани дүниесін байыту.
- Отанға сүйіспеншілік, досқа және жарға адалдық секілді құндылықтарды таныту.
- Имандылық пен патриоттыққа тәрбиелеу.
б) Дамытушылық мақсат
- Оқу бағдарламасындағы талаптарды жүйелі жүзеге асыру арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
- Көркем мәтінмен сауатты жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың форматы мен әдістемесі
Сабақтың түрі
Әңгіме сабақ, аралас сабақ.
Әдісі
Зерттеу, талдау.
Тәсілі
Сұрақ–жауап, әңгімелеу, іздену.
Сабақтың жабдықтары
- Прототип суреті.
- Романның алғашқы беті мен мұқабасы (соның ішінде «Солдат из Казахстана» нұсқасы).
- Автордың портреті.
- Кестелер мен әдебиет теориясына қатысты таблицалар (слайд түрінде).
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
Үй жұмысы жаңа сабақты өту барысында бірге талданып, сұралады.
Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта романның басты кейіпкерін шығарманың мазмұнына сүйене отырып талдаймыз. Тақтадағы слайдтарға назар аударамыз.
2-слайд • Ой қозғау
Жазушының шығармашылық ізденісі мен талпынысының алғашқы жемісі қай шығарма? «Тулаған толқында»
1-слайд • Кітап мұқабасы
Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының кітап мұқабасы көрсетіледі (орысша нұсқасы — «Солдат из Казахстана»). Роман ең алғаш орыс тілінде жазылып, сол тілде жарық көргені де атап өтіледі.
3-слайд • Жанр мәселесі
Романның қай жанрға жататыны талқыланады. «Жанр» терминінің қай тілден шыққаны туралы сұрақ қойылады.
Мұғалім алдын ала дайындалған сызбаны ұсынады, алайда оны сабақ барысында бағыт-бағдар беру арқылы оқушылардың өздеріне толтыртып жаздырған дұрыс. Себебі 11-сынып оқушылары әдебиет теориясының негізгі ұғымдарымен таныс.
Сондай-ақ жазушы шығармашылығының жанрлық ерекшеліктеріне қарай қалай жіктелетіні сұралады. Қаламгер қамтыған жанрларды нақтылау үшін сұрақ белгілерінің астына сол бағытта жазылған шығармаларды тіркеп, жазушының қай жанрда өнімді еңбек еткенін дәлелдеу ұсынылады.