Ауызша қосу және азайту
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың мақсаты
2-сыныпта өткен тақырыптарды қайталау арқылы ауызша қосу және азайту кестесін жаңғырту; 0-ден 1000-ға дейінгі сандарды қайталау.
Ауызша қосу және азайту дағдыларын бекіту, жылдамдық пен білім деңгейін дамыту.
Математикалық терминдердің мағынасын түсініп, математикалық тілде дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар 0-ден 1000-ға дейінгі сандарды оқи алады және разрядтарға (жүздік, ондық, бірлік) ажыратады.
- Ауызша қосу және азайту кестесін қайталап, жылдам есептеу дағдысын қолданады.
- Топта жұмыс істеп, өзара бағалау арқылы нәтижесін талдайды.
Әдіс-тәсілдер
Ақпарат көздері мен ресурстар
Ақпарат көздері
- 3-сынып математика оқулығы
- Интернет ресурстары
- Электронды оқулық
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, слайд
- Постер, маркер
- Компьютер
- Кестелер мен түрлі суреттер
Бағалау тәсілдері
Өзін-өзі бағалау
Бағалау парақшасы арқылы әр оқушы өз жұмысын талдап, нәтижесін белгілейді.
Топтық бағалау
Топ мүшелері бір-бірінің жұмысын критерийлер бойынша бағалайды.
Сабақ барысы (Блум таксономиясы бойынша)
1) Ұйымдастыру
1–3 минут- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
- Суреттер немесе қағаз қиындылары арқылы топқа бөледі.
- Сәлемдесіп, сабаққа дайындалады.
- Қағаздағы сөздер бойынша өз тобына орналасады.
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз.
2) Білу — №1 тапсырма
Топтық жұмысСандарды оқы. Әр санның құрамындағы жүздік, ондық, бірліктердің санын анықта.
3) Түсіну — №2 тапсырма
Топтар арасындағы жұмыс- 1-топ: 1–2 бағанды шығарып, ұқсас мысалдар құрастырады.
- 2-топ: 3–4 бағанды шығарып, ұқсас мысалдар құрастырады.
Оқушылар тапсырманы орындап, бір-бірін бағалайды.
4) Түсіну — №3 тапсырма
Уақытқа есеп- 3-топ: 1–2 баған
- 4-топ: 3–4 баған
5) Сергіту сәті
Музыка ырғағыменОқушылар музыка ырғағымен қимыл-қозғалыстарды қайталайды.
6) Қолдану — оқулықпен жұмыс
Топтық жұмысОқулықта берілген жаттығулар орындалады, әр топ нәтижесін тексеріп, қысқаша түсіндіреді.
7) Талдау
Ажырату • Саралау • ЗерделеуНегізгі жұмыс
- Ауызша қосу және азайту кестесін құрып, қайталау.
- Топтар арасында көбейту кестесін жатқа айтудан жарыс ұйымдастыру.
Нәтижені бекіту
Әр топ өз білімін пысықтап, топтық бағалау жүргізеді және бір-бірін мадақтайды.
8) Бағалау
Критерий бойыншаБағалау критерийлеріне сай бағалау парақшалары толтырылады, әр топ мүшесінің нәтижесі жинақталады.
9) Рефлексия — «Блоб ағашы»
Өзіндік талдауОқушылар «Блоб ағашын» бояу арқылы бүгінгі сабақтағы өз сезімі мен түсіну деңгейін бағалайды.
- Бүгінгі сабақтан не алдым?
- Қай жері маған түсініксіз болды?
- Тағы нені білгім келеді?
10) Үй тапсырмасы
Оқулық: 4–5-бет№4–5 есептерді шығару.
Қорытынды бағалау
Нәтижені жариялауОқушылар бағалау парақшалары бойынша қорытынды бағаларымен танысып, тиісті бағалары қойылады.