Қобыздың атасы Қорқыт ата

Сабақтың тақырыбы

Көне аспаптар сыр шертеді: қобыз бен скрипка.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Музыканы толғаныспен қабылдау, түсіну және шығарманың көркемдік ерекшелігін ажырату.
  • Музыкалық шығарманы тұтас тыңдау және талқылау.
  • Ән айту, қимыл-ырғақ, сурет салу, ойын арқылы музыкаға қызығушылықты арттыру.
  • Оқушыларды музыка өнеріне баулу.

Дамытушылық

  • Ой қозғау және пікір айту дағдыларын дамыту.
  • Шығармашылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік

  • Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.
  • Рухани-танымдық кеңістігін кеңейту.

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Музыкалық аспаптар
  • Интерактивті тақта

Формат және әдістер

  • Сабақтың түрі: дәстүрлі
  • Әдісі: дамыта оқыту, ойын технологиясы, топтастыру
  • Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, өзін-өзі тану, қазақ тілі

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасу, сыныптың сабаққа қатысуын тексеру және оқу мақсатын қысқаша таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау тақырыптары

Үрмелі аспаптар, ұрмалы аспаптар, ішекті аспаптар.

Сұрақ-жауап

  • Ең алғашқы адамдар ойлап тапқан аспаптар қалай аталады?
  • Адамдар ол аспаптарды не үшін пайдаланған?
  • Ұрмалы аспаптарды ата.
  • Үріп ойнайтын аспаптарды ата.
  • Сыбызғы қалай пайда болған?
  • Балаларға арнап қандай музыкалық аспаптар жасалған?
  • Дыбысын аңшылар ғана естіген аспап қандай?

Тыңдау тапсырмасы

Қобыз, сыбызғы, дауылпаз дыбыстары тыңдалып, оқушылар аспаптарды ажыратады.

«Ұйқасын тап» ойыны

Менің ағам Сансызбай,
Жасады маған сазсырнай.

Жылаған соң інімді аяп,
Жасап бердім асатаяқ.

Тоныма орап кетіп ем,
Бүлінбепті жетіген.

3) Жаңа материалды меңгерту: қобыз бен скрипка

«Бұл қандай аспап?» ойыны

Тақтаға бір оқушы шақырылады. Аспаптың суреті отырған балаларға ғана көрсетіледі. Олар аспапты сипаттайды, ал тақтадағы оқушы дәл табуы керек. Соңғы екі аспап — қобыз бен скрипка.

Қобыз

  • Ағаштан жасалады.
  • Ысқышпен ойналатын ішекті аспап.
  • Қобыз өнері Қорқыт атамен байланыстырылады.

Скрипка

  • Қобыздан кейін Еуропада пайда болған.
  • Үні нәзік, әсем әрі мәнерлі.
  • Кей деректерде «музыкалық аспаптардың патшайымы» деп аталады.
  • Ертеде тізеге қойып орындалған, кейін иыққа қойып ойнау кең тараған.

Маңызды ой

Қобыз бен скрипка — құрылысы мен орындау тәсілінде ұқсастықтары бар ысқышты ішекті аспаптар. Екеуінің де үні адамның сезімін тербеп, көркем ойға жетелейді.

«Табиғат құбылыстары» ойыны

Мұғалім: Жай жаңбыр

Балалар: саусақ ұшымен жай тырсылдатады.

Мұғалім: Қатты жаңбыр

Балалар: саусақ ұшымен тез тырсылдатады.

Мұғалім: Жел тұрды

Балалар: ысылайды (желдің дыбысын салады).

Мұғалім: Боран соқты

Балалар: гуілдейді.

Мұғалім: Қар жауды

Балалар: қол шапалақтайды.

Ойыннан кейін қыс мезгілі туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі.

Дауыс жаттығулары

  1. 1Гамма: до мажор.
  2. 2«Ми-и-и-и-а»: жай бастап, дыбысты күшейтіп, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

Ән үйрену

«Төрле, төрле, жаңа жыл!»
Әні: Д. Көзмағанбетов • Сөзі: Е. Абдулла

Аппақ қылып даланы,
Аппақ қылып қаланы.
Қуандырып баланы,
Төрле, төрле, жаңа жыл!

Күлкі әкеліп өренге,
Қуанышты бар елге.
Шаттық шашып әлемге,
Төрле, төрле, жаңа жыл!

4) Сабақты қорыту

Бекіту сұрақтары

  1. 1Қобызға ұқсас аспапты ата.
  2. 2Еуропада пайда болған аспап қайсы?
  3. 3Қай аспапты иыққа қойып ойнайды?
  4. 4Біз білетін ішекті аспаптардың кемі бесеуін ата.
  5. 5Көрсетілген аспаптарды ата: қобыз, скрипка, дауылпаз, сыбызғы (және т.б.).

5) Үй тапсырмасы

41–43-беттер: мәтінді түсініп оқу. Әнді жаттау.

6) Қорытындылау және бағалау

Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі, тыңдау мәдениеті, жауаптарының дәлдігі және шығармашылық тапсырмаларға қатысуы бойынша бағалау жүргізіледі.