Тіл дамыту тапсырмасы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Мектеп
- Семей қаласы №28 жалпы білім беретін мектеп
- Пән
- Қазақ тілі мен әдебиет
- Мұғалім
- Туреханова Бақыт Бақтыгазиновна
- Сынып
- 2-сынып
- Тақырып
- «Атам мен әжем»
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- «Атам мен әжем» тақырыбы бойынша сөздерді сөйлеуде дұрыс қолдану.
- Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
- Тақырып төңірегінде еркін сөйлей білуге жетелеу.
Тәрбиелік
- Туған елге, туған жерге, сол арқылы Отанға сүйіспеншілік сезімін ояту.
- Елді, жерді сүюге тәрбиелеу және табиғатты аялауға шақыру.
- Мемлекеттік тілді үйренуге баулу.
Дамытушылық
- Сөздік қорды молайту, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
- Тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу, жазу дағдыларын дамыту.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- Модульдік технологиядағы өзара бақылау
- Оқыта үйрету ойындары
- Топтық жұмыс
- Қайталау, сұрақ-жауап
- Түсіндіру, коммуникативтік тәсіл
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Үнтаспа
- Доп
- Дөңгелек кеспелер
- Рөлдік ойын материалдары
Нәтиже фокусы
- Жаңа сөздерді дұрыс айту
- Диалог құру және жауап беру
- Оқу-жазу дағдыларын бекіту
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Ай-күнді белгілеу, сыныпты түгендеу.
- Фонетикалық сәт.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтардағы сұхбат пен жаңа сөздерді өзара тексеру. Өзін-өзі бақылау тәсілдерін қолдану.
3) Жаңа сабақ
Жаңа сөздер (етістіктер)
Жаңа сөздерді 3–4 рет қайталау. Осы сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
Суретпен жұмыс
Бұл кім? Бұл — Нұрхан.
Нұрхан неше жаста? Нұрхан сегіз жаста.
Бұл кім? Бұл — Сана.
Сана нешінші сыныпта оқиды? Сана екінші сыныпта оқиды.
Ойын: «Ата мен бала»
Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап беріңдер.
— Ата, сәлеметсіз бе?
— Сәлемет пе, балам.
— Хәліңіз қалай?
— Жақсы, рақмет.
— Үйде кім бар?
— Үйде әжем бар.
— Әжең не істеп отыр?
— Әжем кітап оқып отыр.
— Ата, мен мектепке барамын.
— Бар, айналайын.
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Дәптермен жұмыс
Сөздерді орнымен қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.
Керекті сөздер
Тіл дамыту тапсырмасы
Мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Жеке және топтық жұмыс арқылы талқылаңдар.
Мен әжемді сүйемін,
Киімді өзім киемін.
Ақылына көнемін,
Өлең айтып беремін.
Ойнап келсем: «Күнім!» — деп,
Қарсы алады күлімдеп.
Мен сабақты оқимын,
Әжем кілем тоқиды.
4) Қорытындылау және бағалау
Қайталау сұрақтары
Бүгін сабақта нені үйрендік? Нені түсіндік? Қандай жаңа сөздермен таныстық?
Бағалау
Оқушылардың жұмысы ауызша жауаптарына, жұптық тапсырмаларға және жазба жұмысына қарай бағаланады.
5) Үй тапсырмасы
65-бет, 5-тапсырма: үлгі бойынша төрт сөйлем жазу.
Балалар, сендермен сабақ өткізгенімнен өте жақсы әсер алдым!
Сау болыңдар!