Тасты бақылау
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жалпы мәлімет
- Білімдік аймағы
- Әлеуметтік орта
- Бөлімі
- Экология
- Тақырыбы
- Тірі табиғат
Құралдар мен тілдік материал
Керекті құралдар
- Суреттер
- Схемалар
- Ұлғайтқыш әйнек
- Тәжірибеге арналған ыдыстар
Сөздік жұмысы
Өлі табиғат, тірі табиғат
Қостілдік компонент
- Табиғат — природа
- Тірі табиғат — живая природа
Мақсаты
Білімдік мақсат
Балалардың өлі және тірі табиғат туралы білімін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық мақсат
Балалардың ойлауын, түсінігін, табиғат туралы білімін, қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Адамгершілікке, ойын толық жеткізуге, табиғатты аялауға, табиғи байлықты қорғап, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Мотивациялық-оятушылық
Тәрбиешінің әрекеті
Шаттық шеңбері. «Әдепті елдің баласы» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Баланың әрекеті
Өлең жолдарын тыңдап, қайталап, бүгінгі күнді жылы көңіл-күймен қарсы алады.
Шаттық сәті (№14)
Әдепті елдің баласы,
Иіліп сәлем береді.
Айдай арайлап,
Күндей жайнап,
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі күнді қарсы алайық.
Сәлем саған, Жер-ана!
Сәлем саған, Көк аспан!
Сәлем саған, Күн-ана!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
1) Кіріспе: ой шақыру
Сұрақ-жауап
-
Балалар, терезеден далаға қараңдаршы. Қай мезгіл?
Көктем мезгілі.
-
Қазір қай ай?
Наурыз айы.
-
Бізді қоршаған не?
Табиғат: ағаш, дала, су, аспан, гүл.
-
Табиғат деген не?
Табиғат — бізді қоршаған орта.
Негізгі түсінік
Табиғат екіге бөлінеді: өлі табиғат және тірі табиғат.
Өлі табиғат
Тау, тас, топырақ, бұлт, су.
Тірі табиғат
Адамдар, жануарлар, ағаштар, гүлдер.
Тірі табиғаттың белгілері
- Қоректенеді
- Тыныс алады
- Өсіп-өнеді
- Қозғалады
- Жүреді
- Сөйлейді
Өлі табиғаттың белгілері
- Қоректенбейді
- Тыныс алмайды
- Өсіп-өнбейді
- Қозғалмайды
- Жүрмейді
- Сөйлеймейді
Түсінікті бекіту үшін өлі табиғатқа қатысты құм, тас, су арқылы тәжірибе жасаймыз.
2) Тәжірибе: құм, тас және су
Құмды бақылау
- Ұлғайтқыш әйнекпен қарау: құм ұсақ түйіршіктерден тұрады, бір-біріне жабыспайды.
- Түтікшемен үрлеу: жеңіл, жел болса ұшады.
- Су құю: су қосылса, балшыққа айналады.
Тасты бақылау
- Су құйса да түрі мен түсі айтарлықтай өзгермейді, жылтырап жата береді.
- Майдаланып балшыққа айналмайды.
- Жел үрлегенмен қозғалмайды: ауыр зат.
Судың ерекшелігі
- Дәмі жоқ, иісі жоқ.
- Қыздырсаң қайнайды.
- Суыққа қойсаң қатып қалады.
Тәжірибені балалар өздері орындап, бақылағанын айтып береді. Тәрбиеші қауіпсіздік ережелерін қадағалайды.
3) Қимылды ойын: «Құм, тас, су»
- «Құм» дегенде — әр жерде шашыраңқы болып отыру.
- «Тас» дегенде — қолмен мүсін жасап, қимылсыз тұра қалу.
- «Су» дегенде — толқын тәрізді қимылмен қозғалу.
4) Сөздік жұмыс
5) Табиғат туралы мақал-мәтелдер
Таза болса табиғат — аман болар адамзат.
Мақалдың мәнін түсіндіру, 1–2 балаға қайталату.
Туған жердің суы тәтті, топырағы да ыстық.
Туған жерге сүйіспеншілік туралы әңгімелеу.
Рефлективтік-түзетушілік
Қорытынды әрекет
Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау. Балалардың жауаптарын нақтылап, негізгі ойды бекіту.
Күтілетін нәтиже
- Нені білуі керек
- Тірі табиғат қоректенеді, тыныс алады, өсіп-өнеді, қозғалады, сөйлейді, еңбек етеді.
- Нені игереді
- Табиғаттың ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтып беруді.
- Нені біледі
- Табиғатты аялау мен қорғаудың маңызын түсінеді және сақтауға тырысады.