Төреқұлдың әкесінің аты кім

Сабақ туралы мәлімет

Оқу орны

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектеп.

Пән мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сутбаев Абубакир.

Сабақтың тақырыбы

Қ. Жұмаділов — «Қозыкүрең».

Сабақтың мақсаттары

Білімдік мақсат

  • Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесін оқып келгенін тексеру.
  • Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын ашу.
  • Сұрақтар арқылы түсінігін анықтау және мазмұндауға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсат

  • Өз пікірін сауатты жеткізіп, сыныптастарының ойымен санаса білуге үйрету.
  • Шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, дүниетанымын кеңейту.
  • Ойлау қабілетін дамыту және мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын нығайту.

Тәрбиелік мақсат

  • Халық дәстүрі мен салтын құрметтеуге баулу.
  • Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
  • Ата-ана алдындағы өмірлік парызды сезіндіру.

Сабақ түрі

Бекіту сабағы.

Көрнекіліктер

Қ. Жұмаділов портреті, бейнебаян, интертақтадан слайд көрсету.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды топқа бөлу.
  • Топ басшысын сайлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысы слайд түріндегі «сұрақтар әдісі» арқылы тексеріледі: әр топ мүшесі нөмірленген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.

«Білгірлер» тобы

  1. 1.Екі елдің құт қонысы, асыраушысы болған тау? (Алатау)
  2. 2.Бұл сапарға Ағыбай қандай ат мініп келді? (Торы ат)
  3. 3.Қырық жылдан бері дос адамдардың аттары? (Ағыбай, Төреқұл)
  4. 4.Төреқұлдың ежелгі жұрты қалай аталады? (Ұзынбұлақ)
  5. 5.Ағыбайдың кемпірінің аты кім? (Күлайша)

«Ұшқырлар» тобы

  1. 1.Төреқұл Ағыбаймен қалай амандасты? (Құшақтасып)
  2. 2.Төреқұлдың әкесінің аты кім? (Ералы)
  3. 3.Ағыбайдың жиендерінің аты кім? (Ержан, Ерқабыл)
  4. 4.«Қозыкүрең» әңгімесі туралы кім айтты? (Төреқұл)
  5. 5.Қозыкүрең қай колхоздан алынған жылқы еді? (Қызыл байрақ)

«Алғырлар» тобы

  1. 1.Төреқұлдың ұлты кім? (Қырғыз)
  2. 2.Ағыбайдың әкесінің аты кім? (Жұмақан)
  3. 3.Қозыкүрең оқиғасы қай жылы болды? (1942 жылдың жазында)
  4. 4.Қозыкүрең қай жерге келгенде төтенше мінез шығарды? (Еділ бойында)
  5. 5.«Төреқұл, ояумысың? Далаға шығып тыңдашы, мына кісінеп тұрған Қозыкүрең емес пе?» — кімнің дауысы? (Саяқбайдың)

«Ойшылдар» тобы

  1. 1.Қозыкүреңнің жасы сол кезде қаншада болатын? (Сегізден аса қоймаған)
  2. 2.«Сән-салтанатыңыз тіпті бөлек қой, Ақа. Қырғыздарға құда түсе бара жатқан жоқсыз ба?» — кімнің сөзі? (Жылқышылардың)
  3. 3.Төреқұлдың әкесі Ағыбайдың отбасын қиыншылық кезде қанша уақыт паналатқан? (Бір қыс бойы)
  4. 4.Төреқұл алдымен кіммен амандасты? (Күлайшамен)
  5. 5.Елге келген Қозыкүрең неше күн өмір сүрді? (Бір апта)

Бағалау: әр топтың топ басшысы оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеп отырады. Бағалау 1 балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

Келесі бөлім: «Жылқы» тақырыбы бойынша сұрақтар

Мәтіндегі жылқы бейнесін танып, сипаттау мен дәлелдеуге бағытталған тапсырмалар.

«Білгірлер» тобы

  1. 1.Кейін үйретілген жүрдек құнанды мініп келе жатқан кім? (Ерғанат)
  2. 2.«Жануар кешкі салқында жайылады да, күндіз басын жерге салмай қақшиып тұрады». Бұл қай жылқы? (Қозыкүрең)

«Ұшқырлар» тобы

  1. 1.«Есік пен төрдей жалдас торы атты» мініп келе жатқан кім? (Ағыбай)
  2. 2.Атамқұлдың үйірге салам деп жүрген бәсіре дөнені қалай аталған? (Қоянкөк)

«Алғырлар» тобы

  1. 1.Осы сапарға ақалтеке шатыс, ойнақтаған қаракерді кім мініп қонаққа келе жатты? (Ержан)
  2. 2.«Сүліктей жирен, толысқан, азулы айғыр болатын». Бұл қай жылқы? (Қозыкүрең)

«Ойшылдар» тобы

  1. 1.«Ақалтеке мен дончакқа қазақтар зәру емес шығар. Мынау қоспасы жоқ, өзіміздің қырғыз жылқысы». Бұл қай жылқы? (Қоянкөк)
  2. 2.«Мына түріне қарағанда, осы бүгін күншілік жерді басқан». Бұл қай жылқы? (Қозыкүрең)

Келесі бөлім: «Кейіпкерлер әлемі»

  1. 1. «Жаңағы бурыл мұртты, қиық көз, қызыл шырайлы кісі алақанын көлегейлеп, дауыстап жіберді». Бұл қай кейіпкер? (Төреқұл)
  2. 2. «Өздерін қазақтармен шатастырмас үшін бастарына ақ қалпақты әдейі киіп алғандай». Бұл қай кейіпкердің ойы? (Ержан)
  3. 3. «Кенет көзі нағашысына түсіп, тіксініп кетті. Ол үнсіз жылап отыр екен. Орамалын көзіне апарып: “Ой, шіркін, дүние-ай”, — деп көкірегін қарс айыра күрсінді». Бұл қай кейіпкер? (Ағыбай)
  4. 4. «Дегенмен бұл келісіңнің жөні бөлек. Қасыңа екі бірдей жиеніңді ертіп келіпсің. Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын». Бұл қай кейіпкердің сөзі? (Төреқұл)

Дәптермен жұмыс

«Менің ойымша...» тақырыбында қысқа пікір жазу.

I топ

Ағыбайға Төреқұл жорғаны сыйлай отырып, қандай жақсы ой айтты?

II топ

Саяқбай Қозыкүреңнің қашатынын қалай білді?

III топ

Қозыкүрең елге оралғаннан кейін, жайлаудағы жұрт қалай қарсы алды?

IV топ

Ағыбай мен Төреқұл достығы неде деп ойлайсың?

Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

V. Сабақты қорытындылау

Негізгі ойлар мен сабақ мақсатының орындалуын талқылау.

VI. Оқушыларды бағалау

Топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.

VII. Үйге тапсырма

«Менің досым» тақырыбына шығарма жазып келу.