Күннің шуағы
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Фариза Оңғарсынованың өмір жолы мен шығармашылығын тереңірек таныстыру.
- Қазақтың дәстүрлері туралы білімін кеңейту.
- Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға үйрету.
Дамытушылық
- Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
- Пікір айту мәдениетін қалыптастыру, дәлелмен сөйлеуге бағыттау.
Тәрбиелік
- Үлкенді құрметтеуге, ата жолын қууға, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу.
- Ұлттық тәрбие арқылы құндылықтарды бойына сіңіру.
Сабақ құрылымы
-
1-кезең
Ұйымдастыру
-
2-кезең
Үй жұмысын тексеру
-
3-кезең
Қызығушылықты ояту
-
4-кезең
Мағынаны тану
-
5-кезең
Ойтолғау
-
6-кезең
Үйге тапсырма
Сабақ барысы
I–II. Дайындық және үй жұмысын тексеру
Сабаққа дайындық жүргізіліп, үй тапсырмасы тексеріледі және бағаланады.
III. Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану элементтері)
Ойашар: «Күннің шуағы»
Күннің шуағынан жылу алайық. Ықыласқа толы шуақты алақанымызға сыймай бара жатқандай сезінейік. Енді оны босатып, сәулесінің жүрегімізді жылытқанына назар аударайық.
Талқылау сұрағы
Саған күн шуағы ерекше жарқырайтын қай жыл мезгілі ұнайды? Неліктен?
Талқылау сұрағы
Адамға Күннен басқа тағы не қажет?
Келесі қадам
- Топтастыру жұмысы.
- «Қазақтың дәстүрлері» өлеңімен таныстыру.
- Автормен таныстыру.
Фариза Оңғарсынова: қысқаша өмірбаяны
Фариза Оңғарсынова 1939 жылғы 5 желтоқсанда Атырау облысы (бұрынғы Новобогат ауданы), Манаш ауылында дүниеге келген.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданындағы Еркінқала және «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы қазақ мектебінде ұстаздық қызмет атқарған.
1966–1968 жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде әдеби қызметкер, 1968–1970 жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болған.
1970–1978 жылдары «Қазақстан пионері» журналының бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы қызметін атқарған.
Алғашқы өлеңдері 1958 жылдан бастап баспасөзде жариялана бастады. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинағы, очерктері, таңдамалы шығармалары, сондай-ақ «Біздің Кәмшат» повесі мен аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
Ақын орыс және туысқан халықтар поэзиясын, сондай-ақ Чили ақыны Пабло Неруданың жырларын және кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім — менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы ОК-нің және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, «Құрмет белгісі» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, халық жазушысы атанған.
Мұқағали Мақатаевтың «Фариза» өлеңі Фариза Оңғарсыноваға арналған.
IV. Мағынаны тану: топтық жұмыс
1-топ
Өмір жолы
Ф. Оңғарсынованың өмірбаянын жүйелеу.
2-топ
Шығармалары
Өлеңдерінің тақырыптық бағытын анықтау.
3-топ
Сипаттама
Ақын тұлғасына мінездеме беру.
Кесте әдісі: «Білемін — Білдім — Білгім келеді»
Алдымен кестенің «Білемін» бағаны толтырылады. Өлеңді тізбектей әрі мәнерлеп оқу барысында «Түртіп алу» әдісі қолданылады. Соңынан кесте қайта толықтырылып, қорытынды жасалады.
V. Ойтолғау: бекіту және талқылау
Сұрақ-тапсырмалар
- Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындау.
- Сұрақ-жауап арқылы бекіту және қорытындылау.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға — оңға түзу тұр,
Солға — солға түзу тұр.
Жоғары-төмен қарайық,
Бойымызға күш жинап,
Бір шынығып алайық.
Тіл дамыту
- Сөздік жұмысы: жаңа сөздер мен тіркестердің мағынасын ашу.
- Оқушылардың өз отбасында сақталатын әдет-ғұрып туралы әңгімелеуі (еркін пікір алмасу).