Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері
Ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі
Тақырып: Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері. Пәні: Нарықтық экономика.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік
- Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері және оның ел экономикасындағы орны туралы кең көлемде білім беру.
- Тәрбиелік
- Студенттерді жылдамдыққа, өз ойын анық жеткізе білуге, жан-жақты болуға, пәнге қызығушылығын арттыруға және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық
- Тақырыпқа байланысты өз бетімен іздену арқылы студенттердің логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі
Жаңа материалды игерту сабағы.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Салыстыру, түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу, ауызша және жазбаша әдістер.
Техникалық құралдар мен көрнекіліктер
- Презентациялар
- Мультимедиалық проектор
- Компьютер
- Тест сұрақтары
- Карточкалар
- Сөзжұмбақтар
- Электронды оқулық
- Баспасөз материалдары
Пәнаралық байланыс
Экономика негіздері, өндірістік экономика, микроэкономика.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Студенттермен амандасу және қатысушыларды тексеру.
- Аудиторияның тазалығын бақылау.
- Студенттердің назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын бекіту
Әдіс: миға шабуыл. Студенттер үй тапсырмасын презентация арқылы қорғайды.
- Экономикалық теория дегеніміз не?
- Сұранысты қалай түсінесің?
- Экономикалық теория неше бөлімге бөлінеді және олар қандай?
- Экономикалық жүйе деген не?
- Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері қандай?
3) Жаңа тақырып: ақшаның шығуы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Ол тауар өндірісінің дамуы барысында қалыптасқан қажетті шарт әрі сол дамудың нәтижесі болып саналады.
Тауар — сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі қоғамдағы қатынастармен байланыса отырып, тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуына объективті алғышарт жасайды.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, оны өндіруге кеткен уақыт босқа жұмсалған болып есептеледі. Мұндай бұйым тауарлық нысанға ие болмайды, өйткені оның қоғам үшін қажеттілігі төмен.
Сондықтан әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алудың құралы бола отырып, өндіруші үшін айырбас құны ретінде көрінеді.
Айырбас құны — тауарлардан бөлініп шыққан және олармен бірге өздігінше өмір сүретін ерекше тауар. Ол — ақша.
Қазіргі адамның өмір сүруі мен әрекет етуінің ажырамас құралдарының бірі — ақша. Ауа мен су қаншалықты қажет болса, ақша да адамға соншалықты қажет.