Мағжан ЖұмабаевЗор Тәңірі, күштісің сен, сенеміз біз, Әділ деп, әр ісіңе көнеміз біз
Мағжан Жұмабаев
Зор Тәңірі, күштісің сен, сенеміз біз,
Әділ деп, әр ісіңе көнеміз біз.
Өз құлын өзі еңіретпес тура Ие деп,
Өзіңе ерік тізгінін береміз біз.
Ауыздан Алла атыңды тастамаймыз,
Алласыз ешбір іске бастамаймыз.
Әділ хан, бұйрығыңа бойсұндық - деп,
Бұйрықсыз бір адым да аттамаймыз.
Кеш, Тәңірім, болса сөзім пендешілік,
Мінекей, айқын зұлым, қайда әділдік?
Соншама кең рахметтен құр тастайтын,
Баласы алты Алаштың - біз не қылдық?
Басқаға орын бердің жақсы жайдан -
Зеңгір тау, түпсіз дария, терең сайдан.
Үмітсіз, тілегі жоқ, тұрағы жоқ,
Қуылған дәргаһыңнан біз бе шайтан?
Бізге отсыз шөл даланы орын қылдың,
Бақ-дәулет, өнер-білім қырын қылдың.
Айт - той, мейрам мағынасында.
Кесір деп кек алатын өгей балаң
Біз бе едік? Көп төбетке жырым қылдың
Жібердің басқа жұртқа жолбасшылар,
Әр жұрттың жолбасшымен көзі ашылар.
He елші, не жол сілтер кітабың жоқ -
Алашқа әлде жазғаны бар да шығар?
Бақытсыз қаңғып жүрген қазақ сорлы,
Әркімге күні кетіп, мазақ сорды.
Бір елші жібермедің, санға алмадың
Жалаңаш түйе баққан араб құрлы!
Кеш, Тәңірім, сорлы құлға қаһар етпе,
Рақым қыл, біз сорлыны шетке теппе.
Сөз шықты жан ашумен, Әділ Тәңірім,
Тиген соң ащы таяқ тұщы етке.
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
Абай мұрасы – рухани ілім
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
Символизмнің әдеби стиль ретіндегі маңызы
Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаевтің лекциялары
Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау