Оқушылардың етістіктің есімше категориясы жайлы білімдерін кеңейту
Сабақтың тақырыбы
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушылардың етістіктің есімше категориясы туралы білімін кеңейту; есімшенің сөйлемдегі синтаксистік қызметін меңгерту.
2) Дамытушылық
Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтау барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; қызығушылығын арттыру; белсенділікке баулу.
3) Тәрбиелік
Мәтінмен жұмыс арқылы ойын еркін айтуға, сұраққа жүйелі жауап беруге, мәдениетті сөйлеуге және ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі
Топтастыру, тірек-сызба.
Сабақтың түрі
Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың типі
Жаңа сабақ.
Көрнекілігі
Тірек-сызба, плакат, кеспе қағаз.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
188-жаттығу бойынша есімшелерді тауып, морфологиялық талдау жасаған жұмыстарын тексеру.
III. Үй тапсырмасын бекіту
Негізгі ұғымдарды қайталау үшін сұрақ-жауап жүргізіледі:
- Етістік деген не?
- Етістіктің түрлері қандай?
- Етістіктің шақтары мен райларының ерекшеліктері неде?
- Шақ түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
- Етістіктің райлары қандай түрлерден тұрады?
IV. Жаңа сабақты меңгерту
Қызығушылықты ояту
Ойтолғаныс: есімшенің сөйлемдегі қызметіне қатысты тірек сөздерді қолданып, әр оқушы бір сөйлем құрайды (тақтамен жұмыс).
V. Жаңа сабақты бекіту
- Есімшенің сөйлемдегі қызметі қандай?
- Мысалдар келтіріңдер (ауызша жауап арқылы бекіту).
VI. Жаттығулар орындау
I топ
191-жаттығу.
II топ
192-жаттығу.
III топ
194-жаттығу.
Оқулықтағы шығармашылық тапсырмалар
I топ — 1-тапсырма
Көп нүктенің орнына есімшенің жұрнағын қойыңдар:
Отанын сүй..... отқа жанбайды, суға батпайды.
Егілме айырыл.... ер — жетім.
Ынтымақ жүр.... жерде ырыс бірге жүреді.
Еменнің майыс......ы — сын....ы.
Жолдасын таста..... — жолда қал.....
II топ
Төмендегі етістіктерді есімшеге айналдырып, түрлендіріңдер. Есімше сын есімнің және зат есімнің қызметін атқаратындай етіп сөйлем құраңдар:
III топ
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді толықтырыңдар:
Ұйтқып ұшқан қар.... көзінен ол қораны жасырып барады.
Қорлық, мазақ.... Ғазизаның көзінен дүниенің барлық қызығы кетті.
Міне, менің Жақыбым... екі ай болды.
Мен сорлы балам..... көрген қорлығымды айтайын.
Тірек сөздер:
- өлгеннен бері
- жүрген сайын
- көрген
- өлгеніне
VII. Бағалау
Оқушылардың жұмысы жауаптарының дәлдігіне, тапсырманы орындау сапасына және белсенділігіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
196-жаттығу: мақалалардан есімшелерді тауып, олардың сұрақтарын анықтаңдар.