Алған білімдерін кеңейтіп қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту
Сабақ туралы мәлімет
Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Абдинагиева Гүлбағдат Күшікбайқызы. Пәні: Әдебиеттік оқу, 3-сынып.
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, талдау, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың мақсаттары
Негізгі мақсат
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы мен Туы туралы білімдерін тереңдету; мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге және құрметтеуге баулу; оқушылардың рухани-патриоттық сезімдерін ояту.
Дамытушылық
Алған білімдерін кеңейту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік
Отан туралы білімін тереңдете отырып, отансүйгіштігін және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Құрал-жабдықтар және дереккөздер
Құрал-жабдықтар
- Интербелсенді тақта
- Плакаттар
- Маркерлер
Дереккөздер
- Оқулық
- Таратпалар
Негізгі идеялар
- Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
- Оқушы бойында пікірталас жүргізе білу қабілетін қалыптастыру.
- Өз бетінше тұжырым жасай алатын тұлға болуға баулу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Әр елдің амандасу дәстүрін көрсету және айтқызу.
2) Топқа бөлу және алдыңғы білімді белсендіру
- Оқушыларды 1, 2, 3, 4 сандары арқылы топқа бөлу.
- Сұрақ-жауап әдісі арқылы ой қозғау.
3) Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту (4 кезең)
I кезең: «Қызығушылығын ояту» — «Миға шабуыл»
Тақырыпты ашу үшін әр топқа тапсырмалар ұсынылды:
- I топ — Ребус
- II топ — Сөзжұмбақ
- III топ — Анаграмма
- IV топ — Тиісті әріптерді тап
Оқушылар топ болып жұмыс жасап, сабақтың негізгі тақырыбын өздері анықтады.
Оқулықпен жұмыс
- Тізбектей, дауыстап оқу.
- Мәтін бойынша талдау жұмыстарын жүргізу.
4) Шығармашылық жұмыс
«Мен — жас тілшімін» тақырыбында эссе жаздыру.
I топ — «Тұғырлы Гимн»
«Гимн» термині және тарихи деректер.
II топ — «Қазақ поэзиясының майталманы»
Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы.
IV топ — «Қазақ вальсінің королі»
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы.
Сергіту сәті
Музыкалық әуеннің ырғағын жасырын түрде тыңдатып, әннің атауын тапқызу.
Қорытындылау және бағалау
- «Жуан» және «жіңішке» сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау.
- Әр топты өз көшбасшысы бағалауы.
- Үй тапсырмасын беру және орындалу шартын түсіндіру.
Сабақтың аяқталуы
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын тыңдаумен аяқталды.