Мәтіндегі құстардың атын жаз

Тақырып Ынтымақ Құстарды қорғау

Сабақтың мақсаттары, әдістері және құрылымы

Сабақ «Құстар айтысы» атты үнді ертегісі арқылы оқушылардың мәтінді түсініп оқуын, негізгі ойды ашуын, топпен жұмыс істеуін және бірлікке ұмтылуын дамытуды көздейді.

Сабақтың мақсаттары

  • Түсініп оқу: мәтінді оқып, негізгі ойды ашуға бағыттау.
  • Дағды қалыптастыру: бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен іздену, топпен жұмыс, жоспар құру дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік мән: белсенділігін арттырып, ұйымшылдыққа, татулыққа баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

әңгімелеу сұрақ-жауап графика топтастыру салыстыру сахналау үш өлшемді әдіспен оқыту

Көрнекіліктер

«Маңғыстау» журналы, мақал-мәтелдер, Венн диаграммасы, құстардың суреттері, слайдтар, карта.

Сабақтың барысы

Құрылым оқу мотивациясынан бастап (ұйымдастыру) мәтінмен жұмыс, топтық тапсырмалар, қорытынды талқылауға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі.

I. Ұйымдастыру

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ-жауап
  1. Ермек Серкебаев кім?
  2. Шәмші Қалдаяқов кім?
  3. Әнді кім орындайды?
  4. Әннің әуенін шығаратын адамды қалай атаймыз?
  5. Ал әнге сөз жазатын адам кім?
  6. Тағы қандай өнер түрлерін білесіңдер?

Талқылау өзегі: «Айтыс» ұғымы

Айтыс — өнер жарысы. Ол ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Күнделікті өмірде де адамдар арасында айтыс (дау) келіспеушілік туған кезде пайда болады: ойлары бір жерден шықпағанда, пікірлері тоғыспағанда.

Жаңа сабаққа кіріспе

Бүгін біз «Құстар айтысы» атты үнді ертегісімен танысамыз. Үндістанның астанасы — Дели қаласы (картамен жұмыс). «Үнді» сөзі өмірде көптеген ұғымдармен байланысты: үнді шайы, үнді биі және т.б.

Мәтінмен жұмыс кезеңдері

оқу талдау топтық жұмыс
  1. Ертегіні мұғалім оқиды.
  2. Тізбектей оқыту (оқушылар кезекпен оқиды).
  3. Топтық жұмыс арқылы мазмұнды бекіту.

Топтық тапсырмалар

Әр топ өз бағыты бойынша жұмыс жасап, соңында ортақ талқылауға шығады.

I топ

Мәтінге жоспар құрыңдар.

II топ

Мәтін бойынша көрнекілік (схема/постер) құрастырыңдар.

III топ

Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздерді табыңдар.

IV топ

Маңғыстауда кездесетін құстардың түрлерін атаңдар.

V топ

Мақал-мәтелдер ішінен бірлік пен ынтымаққа қатысты үлгілерді табыңдар.

VI топ

Мәтінді сахналаңдар: қарға мен көгершіннің айтысы.

Сөздік жұмысы

Жанжал — ұрыс-керіс, дау.

Құсбегі — құс өсіруші, баптаушы.

Мазмұнды визуализациялау және салыстыру

Графика түрінде көрсету

Мәтін мазмұнын сызба, кластер немесе диаграмма арқылы көрсету: кейіпкерлер, оқиға желісі, түйінді ойлар.

Негізгі ой: ынтымақ пен алауыздық

Ынтымақ

  • Бірлік
  • Татулық, достық
  • Ауызбіршілік

Алауыздық

  • Сенімсіздік
  • Келіспеушілік
  • Араздық

Ситуациялық сұрақ

Дау: Құстардың бәрін осылай аулай берсек, жер бетінде құс қалмаса не болады?

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

  1. Мәтіндегі негізгі ойды тап:
    а) Татулық ә) Алауыздық
  2. «Құсбегі» деген кім?
    а) Аң аулаушы ә) Құс өсіруші
  3. Мәтіндегі құстардың аттарын жаз.

II деңгей

  1. Бұл ертегі қай түрге жатады?
    а) Қиял-ғажайып ә) Шыншыл б) Хайуанаттар туралы
  2. Үлгі бойынша жұмыс жаса.

III деңгей

  1. Ертегідегі оқиғаға байланысты мақал жаз.
  2. Мәтіндегі қарғаға мінездеме жаз.

III. Үй тапсырмасы

Шығармашылық тапсырма: мәтін негізінде 5–6 сөйлемнен тұратын эссе жазу.

IV. Қорытынды

Сұрақтар арқылы бекіту

  • Балалар, біз қай елде тұрып жатырмыз?
  • Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
  • 130-дан астам ұлт өкілі бар екенін еске түсіру.

Қоғамдық байланыс

Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерін береке-бірлікке шақырып отыратын ұйым — Қазақстан халқы Ассамблеясы. «Ассамблея» сөзі француз тілінен аударғанда «жиналыс» деген мағынаны білдіреді. Осы құрылымның қызметі мен маңызын сыныппен бірге талқылауға болады.

Оқу нәтижесі

Түсіну

Мәтінді мәнерлеп оқып, негізгі ойды дәлелдеуге үйренеді.

Ынтымақтастық

Топта жоспар құрып, көрнекілік жасап, ортақ қорытындыға келеді.

Құндылық

Татулық пен бірлік ұғымдарын өмірмен байланыстырып, құстарды қорғаудың маңызын түсінеді.