Сөйлемдерді көшіріп жаз

Сабақтың тақырыбы

Негізгі және туынды сын есім

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Әдістері

Сөздік, көрнекілік, пысықтау

Көрнекілігі

Сызба, топшамалар, оқулық

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Сын есім туралы бұрынғы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы білімін тереңдету.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорын дамыту; негізгі және туынды сын есімдерді ажыратуға арналған жаттығулар орындау.

Тәрбиелік

Тазалыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл құрбым!

Міне, менің қолым —

Жылуыма жылу қос.

Бүгінгі алған бағаң

Түгел бестік болсын!

II. Өткен сабақты еске түсіру

  • Сын есімнің түрлерін ата.
  • Негізгі сын есімді тап.
  • Туынды сын есім дегеніміз не?

Топтық жұмыс

Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топтың ортасына бір зат қойылады. Сол затқа қарап сипаттама беру тапсырылады.

Көркем жазу

Дәптермен жұмыс: жазу каллиграфиясын сақтай отырып, сөйлемдерді ұқыпты жазу.

III. Жаңа тақырып: «Білім еліне» саяхат

Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі сын есім

Түбір сөзден жасалған сын есім.

таза үлкен қызыл

Туынды сын есім

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім.

таудай өнерлі сезгіш

Оқулықпен жұмыс: аялдамалар бойынша тапсырмалар

«Мектеп» аялдамасы

42-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап.

«Білгірлер» аялдамасы

43-жаттығу

Суреттегі иттерді сипаттап, салыстыр. Ауызша орындау.

«Тапқырлар» аялдамасы

44-жаттығу

Берілген сөздерді негізгі және туынды сын есімдерге ажыратып, екі бағанға бөліп жаз.

Берілген сөздер

қызғылт көргіш аязды тарлау үлкендеу кішірек дәмді тапқыш

Жауап үлгісі

Негізгі

Оқушы анықтайды.

Туынды

Оқушы анықтайды.

Ескерту: бұл бөлімді сабақ барысында бірге толтыруға болады.

«Мергендер» аялдамасы

45-жаттығу

Берілген жұрнақтарды жалғап айтуға болатын сын есімдерді тап. Оларды қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

үлкендеу кішілеу көкшіл кеңірек бойшаңырақ

Жеке жұмыс

46-жаттығу

Өз бетімен орындау.

«Шешендер» аялдамасы

47-жаттығу

Ребусты шеш. Сөйлем құрастырып жаз.

IV. Сергіту сәті

Ойын: «Кім шапшаң?»

Қысқа уақыт ішінде тапсырманы дұрыс орындаған оқушы немесе топ жеңімпаз атанады.

V. Бекіту

Топтар бір-біріне сұрақ қояды. Тақырып бойынша білімдері мен түсініктері тексеріледі.

Сұрақтар

  • Сын есім дегеніміз не?
  • Қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Сын есімнің қандай түрлері бар?
  • Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  • Туынды сын есім дегеніміз не?

Топшамамен жұмыс

Әр топқа тапсырма жазылған топшамалар беріледі. Оқушылар негізгі және туынды сын есімдерді анықтап, дәлелдейді.

VI. Үй тапсырмасы

48-жаттығу орындау.

Ережені жаттау.