Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С. Механикалық жұмысМақсаты:Білімділік: механикалық жұмыс ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін жан - жақты аша отырып, мазмұнды есептер шығаруға пайдалана алу іскерлігін жетілдіру

Механикалық жұмыс

Денені бір орыннан екінші орынға жылжыту кезінде күштің атқаратын жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.

Негізгі формула

Формула

A = F · S

Жұмыс = күш × жол

Белгілердің мәні

  • A — жұмыс (Дж)
  • F — күш (Н)
  • S — жүрілген жол (м)

Демек, жұмыс күштің және жүрілген жолдың көбейтіндісіне тең.

Өлшем бірлігі: Джоуль

Жұмыстың өлшем бірлігі XIX ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы Д. Джоульдің құрметіне джоуль (Дж) деп аталады.

1 кДж

= 1000 Дж

= 103 Дж

1 мДж

= 0,001 Дж

= 10−3 Дж

1 мкДж

= 0,000001 Дж

= 10−6 Дж

Есте сақта

  • 1 Егер күш әсер етіп тұрса, бірақ орын ауыстыру болмаса, онда жұмыс атқарылмайды.
  • 2 Егер денеге күш әсер етпесе, ал дене инерциямен қозғалып тұрса, бұл жағдайда да жұмыс істелді деп есептелмейді.

Оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Білімділік

Механикалық жұмыс ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін жан-жақты ашу және мазмұнды есептер шығаруда қолдану дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық

Алған білімді күнделікті өмірде қолдану машығын қалыптастыру, өз жетістігін бағалап, әлсіз тұстарына сын көзбен қарауға үйрету.

Тәрбиелік

Еңбекке баулу, өз ойын ортаға батыл жеткізе білуге, ұжымшылдыққа және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері

  • Жұмыс туралы бұрыннан бар түсініктерді тереңдету.
  • Оны басқа физикалық ұғымдармен байланыстыра отырып, есептер шығару.
  • Әртүрлі жаттығу жұмыстарын орындау.