Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі

Сабақтың тақырыбы

Ұзындық және аудан өлшем бірліктерінің кестесі. Ар — аудан өлшем бірлігі.

3-сынып Математика Жаңа ұғым

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық.

Сабақтың жабдығы

  • PowerPoint таныстырылымы
  • Постерлер, стикерлер
  • Ұзындық өлшеу құралдары

Жалпы мақсаттар

Білімдік

  • Оқушыларды ұзындық және аудан өлшем бірліктерімен таныстыру.
  • Аудан туралы ұғымды кеңейту.
  • Әртүрлі өлшемдер арқылы аудан өлшеу дағдыларын дамыту.
  • Аудан өлшем бірліктерін жүйелеу және кестемен жұмыс жасау.

Дамытушылық және тәрбиелік

  • Заңдылықтарды табу, қорытынды жасау, дәлелдеу, логикалық тұрғыда бірізді талдау дағдыларын қалыптастыру.
  • Өзара көмекке келуге тәрбиелеу және математикаға қызығушылықты арттыру.

Күтілетін нәтиже

Сабақ соңында оқушылар ар өлшем бірлігін түсініп, оны есептерде қолдана алады.

Сабақ барысы

Топқа бөлу

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу: «Білгірлер», «Тапқырлар», «Ойшылдар».

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық сәт:

Әрбір адам: Туысың, досың, жұрағат,

Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің: тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзің: шындық, бірлік, адалдық.

Білімді тиянақтау

Ауызша жұмыс (топтық бағалау).

Жаңа сабаққа кіріспе

Топтарға тапсырма (A4 форматында орындалады, топтық бағалау):

  • Білгірлер: тік төртбұрыштың ауданын табу формуласын жазу.
  • Тапқырлар: шаршының ауданын табу формуласын жазу.
  • Ойшылдар: тік төртбұрыштың периметрін табу формуласын жазу.

Қызығушылықты ояту: математикалық ой толғау

  1. 1) Суретте неше төртбұрыш бар?

    Жауап: 9 тіктөртбұрыш, 5 шаршы.

  2. 2) Қай мемлекетте Жаңа жыл мерекесі алғаш рет аталып өтті?

    Жауабын табу үшін есеп шығару (қай топ жылдам?).

    Материал: 3–7-слайдтар.

Мағынаны тану

Тапсырма: ұзындық өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастырыңдар және берілген нысандардың аудандарын салыстырыңдар:

  • Қорғалжын ауылының ауданы — 1 км²
  • Картоп егістігінің ауданы — 10 м²
  • Дәптердің ауданы — 10 см²
  • Балалар алаңының ауданы — 1 ар

Талқылау сұрақтары

  • Осы есепте барлық аудан өлшем бірліктері таныс па?
  • Қайсысы алғаш рет кездесіп тұр? (Ар)

Жаңа ұғым: ар

1 ар — қабырғасы 10 м болатын шаршының ауданы:

10 м × 10 м = 100 м²

Яғни, 1 ар = 100 м².

Байланыстар мен сұрақтар

  • Өлшем бірліктері бір-бірімен қалай байланысады?
  • Бір қадам шамамен қаншаға тең?
  • Ауданның барлық өлшем бірліктерін атаңдар.

Бағалау: топтық бағалау.

Сергіту сәті

Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді.

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақыт.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Өткен материалды бекіту

№3 (а) — тақтада бірлесіп жұмыс

Өлшем бірліктерін түрлендіру және сәйкестендіру:

800 см → 8 м

560 см → 56 дм

Материал: 12-слайд.

Топтық тапсырмалар

№3 (ә) және №4 есептері:

  • Білгірлер: бірінші баған.
  • Тапқырлар: екінші баған.
  • Ойшылдар: үшінші баған.

Материал: 13–14-слайдтар.

Деңгейлік тапсырма

Қолдауды қажет ететін оқушыларға: №5 және №7.

Топтық жұмыс: сұраққа жауап бер

Үш топтан үш оқушы тақтада орындайды.

A)

S = 7 × 10 = 70

S = 5 × 3 = 15

70 − 15 = 55

Ә)

S = 6 × 9 = 54

S = 2 × 7 = 14

54 − 14 = 40

Б)

S = 8 × 10 = 80

S = 3 × 8 = 24

80 − 24 = 56

Қорытынды

Бүгін ұзындық және аудан өлшем бірліктерін қайталап, ар ұғымын меңгердік: 1 ар = 100 м².