Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар
Қазақ тілі (4-сынып)
Тақырып: Сөз және оның мағынасы
Көркем жазу: Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
Ойланайық
- Қай сөз артық? Неліктен?
- Осы сөздердің қарама-қарсы мағыналарын ата.
Сөз мағынасына қатысты ұғымдар
Синоним
Мағынасы жақын, мәндес сөздер.
Антоним
Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Омоним
Айтылуы мен жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөздер.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
- Жел әкелгенді сел әкетер.
- Тау жақтан баяу жел соқты.
- Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады.
- Бүлдіру — оңай, түзету — қиын.
- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.
2-жаттығу
Көп нүктенің орнына қарама-қарсы мағыналы сөздерді жаз.
Жұп
қатты — ...
Жұп
жүру — ...
Жұп
таяз — ...
Жұп
кию — ...
Жұп
жылы — ...
Жұп
кіру — ...
Жұп
кең — ...
Жұп
сөйлеу — ...