Білімдерін сынау Білімді мыңды жығар

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Өнегелі болса – бала көрікті»

Мақсаты

  • Оқушылардың ынтасын арттыру, қазіргі заман талабына сай түрлі білім сайыстарына қатысуға дайындау.
  • Ұл балаларды білімділікке, күштілікке, ептілікке тәрбиелеу.
  • Имандылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке баулу.

Форматы

Сайыс сабағы.

Көрнекілігі

  • Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер
  • Суреттер
  • Шарлар, гүлдер, жалаушалар

Тәрбие шарасының жүру барысы

1-жүргізуші

Кіріспе

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Ассалаумағалейкум, халқым, деп, әрқашан еліне бас иетін.

Отбасының мерекесі, берекесі — үлгі еткен әкелер тәрбиесін, — дей келе 3-сынып оқушылары дайындаған «Өнегелі болса – бала көрікті» атты жас сұлтандардың тәрбие сайыс сағатына қош келдіңіздер.

2-жүргізуші

Жыр жолдары

Ей, кішкентай азамат,

Мынау жердің кең үсті —

Мұратыңа жетерсің сен іздеген,

Не арғымақ мінерсің һәм келісті,

Жал-құйрығын күзеген.

1-жүргізуші

Өсиет

Жүрегіңде от барда,

Арман теңіз жүзіп өт.

Жамандыққа тоқталмай,

Жақсылыққа ет қызмет.

2-жүргізуші

Нақыл

Жақсыдан жаман туады — бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады — адам айтса нанғысыз.

1-жүргізуші

Сайыс рухы

Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол: еңбектену, жалықпау.

2-жүргізуші

Шақыру

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты — күш сынап, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар сайысында бәйге алуға үміткерлер аянбай-ақ жан салыпты.

1-жүргізуші

Көрініс

Баршаға өнер сүйер жар саламыз, үкілі үміттерді қарсы аламыз.

Күйге енейік баршамыз ерекше бір — сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Ортаға бүгінгі жарысқа қатысушы «Жігіт сұлтаны» атануға үміткерлерді шақырамыз. (Ұлдарды белгіленген нөмірлері бойынша аты-жөнімен ортаға шақыру.)

Сайыс кезеңдері

Сайысымызды бастамас бұрын, оның кезеңдерімен танысып алайық:

  1. 1-кезең «Найзасыз ер, таңбасыз ел болмайды»

    Таныстыру.

  2. 2-кезең «Өнерлі өрге жүзер»

    Топ өнері.

  3. 3-кезең Үй тапсырмасы

    Әкелерімен бірге үйде дайындаған бұйымдарын көрсету.

  4. 4-кезең «Білекті бірді жығады»

    Қол күрес.

  5. 5-кезең «Жігітке жеті өнер де аз»

    Дене жаттығулары.

  6. 6-кезең Көркемсөз оқу

    «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы».

  7. 7-кезең Мақал-мәтелдер жарысы

    «Сөздің көркі — мақал».

  8. 8-кезең Білімдерін сынау

    «Білімді мыңды жығар».

  9. 9-кезең Тосын сұрақтар

    «Кім көп біледі?»