Ертегі мазмұнына иллюстрация жасап жаттығу

Сабақтың мақсаты

1) Иллюстрация және театрландыру дағдыларын қалыптастыру

  • Ертегі мазмұны бойынша иллюстрация жасауға жаттығу.
  • Ертегі желісіне сай кейіпкерлерді пайдаланып театрландыруға үйрену.
  • Ертегіден алған әсерлерін ортаға салып, бөлісу.

2) Шығармашылық ойлауды дамыту

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ой-өрісін кеңейту.

3) Танымдық және сөйлеу мәдениетін жетілдіру

Танымдық қасиеттерін дамыта отырып, сөйлеу қабілетін және сөйлеу мәдениетін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың жүру барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ертегілер бірнеше топқа бөлінеді: хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер. Ертегі — ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі.

Ертегілерде өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Олар көбіне қара сөзбен айтылады, кейде өлең түрінде де ұшырасады.

Ертегілер көбіне дәстүрлі кіріспемен басталады: «Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде…» және оқиға көп жағдайда жақсылықпен аяқталады.

Ертегі оқушы қиялын ұштауға, еркін ойлауға, армандауға, шындықты танып-білуге үйретеді. Ертегіні бейнелеу өнерінің бірнеше түрі арқылы көркемдеп жеткізуге болады.

Интерактивті шолу

Интерактивті тақта көмегімен ертегілерге шолу жасалады. Оқушылар бірнеше ертегіден үзінді тыңдайды:

  • Бауырсақ
  • Қызыл телпек
  • Мақта қыз бен мысық
  • Шалқан

Иллюстрация ұғымы және тапсырма

Иллюстрация — ертегі мазмұнына арналып салынған сурет.

Бүгінгі сабақта оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ бір ертегіні таңдап, кейіпкерлерді жеке парақшаларға бейнелейді: көлеңке театры, үстел үсті театры, саусақ театры үшін.

Оқушыларға қолдау ретінде интерактивті тақтада алдын ала дайындалған ертегі кейіпкерлерінің үлгілері көрсетіліп отырады.

Иллюстрация жасау талаптары

  1. 1

    Ертегідегі басты кейіпкердің бет-әлпетін нақты айқындау.

  2. 2

    Ертегідегі ең қызықты оқиғаларды негізгі көрініс ретінде таңдау.

  3. 3

    Әртүрлі көріністерді жүйелеп, ретімен тізбектеу.

  4. 4

    Ертегі мазмұнының ашылуын басты назарда ұстау.

Сабақты қорытындылау

Топтық қорғау

Әр топ өздері салған ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, жұмыстарын таныстырады және қорғайды.

Үй тапсырмасы

Аяқталмай қалған жұмыстарды толық аяқтап келу тапсырмасы беріледі.