Бала тәрбиесі тәжірибе
Коучинг жоспары туралы мәлімет
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы — №164 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Исаева Гүлжаухар Қаратайқызы.
Сабақ тақырыбы
Құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары
Коучинг сессиясы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын жүйелеуге бағытталған.
Жалпы мақсаты
Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін, құқық бұзушылық пен қылмыстың белгілері мен түрлерін еске түсіру; оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру тәсілдерін талдау және негіздеу.
Күтілетін нәтиже
- Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы баптарды, құқық бұзушылық пен қылмыстың белгілері және түрлерін біледі.
- Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын бірлесіп талдайды және тәжірибесінде қолданады.
- Қоғамдағы құқықтық тәрбиені арттыруға ықпал етеді.
Түйінді идеялар
Сілтемелер
- ҚР Конституциясы (кітапша)
- БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы
- Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама
- Халыққа құқықтық көмек материалдары
- «Бала құқығы» жадынамасы
Ресурстар
- Үлестірмелі материалдар
- A2 форматты қағаздар
- Стикерлер
Дереккөздер
- Слайдтар, презентация: «Құқық бұзушылық түрлері»
- Бейнежазба: «Балалар неліктен қылмыстық әрекетке барады?»
Коучинг сессиясының өту барысы
I. Сәлемдесу және психологиялық ахуал
Сессия «Ыстық алақан» тренингімен басталады: қатысушылар жұптасып, біреуі ата-ана, екіншісі бала рөлін алады. Алақандарды түйістіріп, сезімді және еркелетуге арналған жағымды сөздерді қимыл-қозғалыспен жеткізеді.
Қимыл арқылы жауап беру:
- Иә — қол шапалақтау
- Жоқ — аяқпен тарсылдату
Талқылау сұрақтары
- Газеттегі мақалалар мен телебағдарламалардан тәрбиеге қатысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
-
Баланы тәрбиелеуге не ықпал етеді?
Отбасы — жымию Қоршаған орта/қоғам — алақанды соғу
-
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
Әке — алақанды соғу Ана — жымию Екеуі — қолды жоғары көтеріп шапалақтау
II. Топқа бөлу
Қатысушылар қиылған суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді (түзу ағаш және қисық ағаш бейнелері).
III. Тақырыпты ашу (ұжымдық жұмыс)
Бейнежазба көрсетіледі, кейін қатысушылар ой бөлісіп, қорытынды жасайды. Одан соң ротация әдісі бойынша топтар сұрақтарды талқылайды.
1) Құқық дегеніміз не?
Құқық — адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалатын тәртіптік өлшемдер жүйесі.
2) Құқық бұзушылық дегеніміз не?
Құқық бұзушылық — міндеттер мен нормаларды бұзатын, заңға қайшы іс-әрекет.
3) Балалардың құқықтары қай құжатта қаралған?
БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясында. Бұл — әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын халықаралық құжат. Конвенция — арнайы мәселелер жөніндегі келісімшарт.
4) Баланың қандай құқықтарын білесіздер?
- Есім мен азаматтық алуға
- Өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге
- Тынығуға және мәдени демалуға
- Ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне
- Қалаған спорт түрімен шұғылдануға
- Денсаулығын сақтауға, емделуге
- Өз ойын еркін айтуға
- Білім алуға
5) Бала тәрбиесіне әсер ететін орта
Отбасы, мектеп және құрбы-құрдастар ортасы — баланың мінез-құлқы мен таңдауларына тікелей әсер ететін негізгі факторлар.
IV. Презентациямен жұмыс
Презентация тақырыбы: «Құқық бұзушылықтың түрлері». Қатысушылар құқық бұзушылықтың негізгі санаттарын және олардың алдын алу жолдарын талдайды.
V. Сергіту сәті (тәжірибе арқылы ой қозғау)
Топтық тәжірибе: стақанға сүт құйып, ас содасын қосып араластырады, кейін сірке суын құяды. Нәтижесінде сүт тасып, реакция байқалады.
Талқылау өзегі: бұл құбылысты бала тәрбиесімен байланыстыра отырып, сыртқы ықпал күшейгенде эмоция мен мінез-құлықтың «тасып кету» қаупі артатынын, сондықтан алдын алу, қолдау және дұрыс орта құру маңызды екенін пайымдау.
VI. Кіші жоба дайындау және қорғау (топтық жұмыс)
Қатысушылар шағын жоба әзірлеп, топ алдында қорғайды. Музыкалық сүйемелдеу ретінде А. Еңсеповтің «Детство» күйін қолдануға болады.
1) Жасөспірімдердің қылмысқа бару себептері
- Отбасындағы бақылаудың әлсіреуі
- Құрбы ықпалы және қысым
- Құқықтық сауаттылықтың төмен болуы
- Стресс, агрессия, эмоцияны басқару дағдысының жеткіліксіздігі
2) Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары
- Мектеп–ата-ана–қоғам серіктестігін күшейту
- Құқықтық ағарту: құжаттармен және нақты жағдайлармен жұмыс
- Қауіп факторларын ерте анықтау және қолдау көрсету
- Сыныптағы сенімді қарым-қатынас пен қауіпсіз орта қалыптастыру
VII. Кері байланыс
Рефлексия сұрағы
Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз?
Көңіл күй және шешім
Сіздің қазіргі көңіл күйіңіз қандай және қандай нақты қадам жасауды жоспарлайсыз?