Піл суретін бастыру
Сабақ туралы мәлімет
- Өтетін орны
- Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
- Маман
- Логопед: Мендешева Жадыра Маратовна
- Мекеме
- Жаңақала аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
- Сабақтың түрі
- Жеке сабақ
Тақырып, мақсат, міндеттер
Сабақтың тақырыбы
«Л» дыбысын сөз ішінде дұрыс айтуға машықтандыру.
Сабақтың мақсаты
- «Л» дыбысын сөз ішінде анық айтуға машықтандыру.
- «Л» дыбысын басқа дыбыстардан, буындардан және сөздерден дұрыс ажырата білуге үйрету.
- Фонематикалық қабылдауды дамыту.
- Ойын тапсырмалары арқылы ойлау мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекіліктер мен материалдар
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыны сабаққа дайындау
Мимикалық гимнастика
- Көзімізді ашып-жұмамыз (қатты – жай).
- Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз.
- Жымию.
Дауыс ырғағын қалыптастыру
Тілге арналған жаттығулар
Арнайы құралдар арқылы тіл бұлшықеттерін жаттықтыру.
Тыныс алу жаттығулары
- «Батпырауық ұшырамыз» (батпырауықтар түрлі түсті, оқушы өзі таңдайды).
- «Алақанымызды жылытамыз» (бір деммен жылы ауаны үрлеу).
Бүгінгі сабақ ертегі түрінде өтеді. Ертегінің тақырыбы: «Тиіннің туған күні».
II. Негізгі бөлім
Ертегінің басталуы
— Аманғали, биылғы жылды білу үшін тапсырманы орындайық.
— Қандай сурет шықты?
— Ұлу.
Бүгін тиіннің туған күні. Ұлу достарымен бірге туған күнге барғысы келеді де, бізден көмек сұрайды.
— Көмектесеміз бе? — Иә.
Көмектесу үшін төмендегі тапсырмаларды орындаймыз.
1-тапсырма. «Л» дыбысының артикуляциясы
«Л» дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық болуы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иекке тіреледі.
Назар аударамыз
Тіл ұшы жоғарыда, ауа еркін өтеді, дыбыс анық айтылады.
Суретпен жұмыс
Пілдің суретін басамыз.
— Қандай жануардың суреті?
— Піл.
— Сонда ұлу кімге келді?
— Пілге.
Қысқа тақпақ
Піл, піл. Ұлу пілдің тұмсығына отырып, алтыбақан тебеді.
Тіл жаттығуы: «Алтыбақан»
Піл мен ұлу жолға шығады. Жолды білмейді — оларға бағыт көрсету үшін келесі тапсырманы орындаймыз.
2-тапсырма. Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта»
— Барлығында ортақ қандай әріп бар? Л.
Піл мен ұлу түлкіге келеді. Түлкі оларды күліп қарсы алады.
Жаттығу
Жымию.
Түлкі, ұлу және піл үшеуі бірігіп жолға шығады. Жолда жаңа тапсырмалар кездеседі — Аманғали сенен көмек сұрайды.
3-тапсырма. «Л» дыбысын дұрыс және анық айту
Буын және сөздер
- Лала – ла – ла — лас
- Алал – ал – ал — алма
- Лоло – ло – ло — лом
- Олол – ол – ол — Олжас
- Ұлұл – ұл – ұл — Ұлжан
- Әләл – әл – әл — әлек
Суреттермен жұмыс
Суреттердің ішінен «Л» дыбысы бар жануарды көрсет.
Кездесу
Олар тентек лаққа кездеседі.
Лақ, лақ, лақ.
Сергіту сәті
Лақпен бірге дыбыс шығарамыз:
Мә – мә – мә – мә
Енді ұлу, түлкі, піл және лақ төртеуі бірге жолға шығады. Жолда тағы тапсырмалар кездеседі — Аманғали тағы да сенен көмек сұрайды.
Жұмбақтар
Күндіз көрінбейді, түнде күлімдейді.
Жауабы: Жұлдыз
Әрі қызыл, әрі тәтті, татқан жанды таңырқатты.
Жауабы: Алма
Сумаңдаған тілі бар, бұраңдаған ізі бар. Тіл ұшында уы бар — ол не?
Жауабы: Жылан
Ұйқасын тап
Алмастан тыным, шабады…
Құлын
Уылжыған албырт, дәмі ғажап…
Алмұрт
Жағасында бұлақ, жайылып жүр…
Лақ
Құйрығы он арыс, бұл айбатты…
Жолбарыс
Үні ғажап, дүлдүл, бақта сайрар…
Бұлбұл
Тиіннің үйіне қарай жол
Барлық тапсырмалар орындалды. Ұлу, піл, түлкі және лақ орманда тиіннің үйін іздейді, жолай саңырауқұлақ тереді.
Жаттығу: «Саңырауқұлақ»
Қол мен саусақ моторикасын дамытуға арналған қимыл-қозғалыс.
Жаттығу: «Сағат»
Асығыс уақытқа қарап, «тілшелер» секілді ырғақты қимыл жасау.
Жаттығу: «Есік»
Ауызымызды ашып-жабамыз (есік ашылып-жабылғандай).
Олар тиіннің үйіне келеді. Тиін қонақтарын күтіп отыр.
Дастархан және дыбыстық жаттығулар
Бәрі дастарханға отырып, ас ішеді. Дастархан үстінде тәтті шырын мен кесе шай бар.
Дыбыстық және саусақ жаттығулары
Қонақтар келіп, әрқайсысы өз дыбысымен «сәлем береді».
Бұлбұл
Ән салып кіреді:
Тиін, тиін, тиін,
Әдемілеп киін!
Сенің туған күніңде,
Әнге толсын үйің!
Әтеш
Айқайлап келеді:
Ку-ка-ре-ку
Әдемі әтеш таң атпай тұрыпты, жан-жағына қарапты, айдарын тарапты.
Мысық
Мияулап келеді:
Мияу – мияу
Пеш түбінде мысық отыр, аздап көзін қысып отыр. Тышқан етін жегісі келіп, тісі оның қышып отыр.
Күшік
Үріп келеді:
Аф – аф – аф
Осылайша бәрі тиінді туған күнімен құттықтайды.
Қорытынды
Бүгінгі сабақты қорытындылаймыз.
- Бүгін бізге кім келді? Ұлу.
- Олардың достары кімдер? Піл, түлкі, лақ.
Үй тапсырмасы
«Л» дыбысы бар сөздерді қайталап айтып, сөйлем құрап келу.