Қарады етке мысық көзін сатып, Алам деп секіреді кейде жатып
Мағжан Жұмабаев
Қарны ашып, мысық байғұс үйге кірді,
Қарады тіміскілеп әрбір жерді.
Жерден іздеп дәнеңе таба алмады,
Ілулі шаңырақта етті көрді.
Қарады етке мысық көзін сатып,
Алам деп секіреді кейде жатып.
Құдайға өкпелейді: Қол бермедің,
Алар ем,- деп,- бұл етті ағаш атып!
He керек, ала алмады, азаптанды,
Ашудан өле жаздап аз - ақ қалды.
Қайтсе де ала алмасын білгеннен соң,
Мысығың өзіне - өзі тоқтау салды:
Қой, не керек, бұл ісің тіпті ұнамас,
Естісе, бұл қылығың көпке ұнамас.
Сасыған, құрттап кеткен жасық етті,
Ханзада, жегеніңмен, ішке ұнамас .
Асылды, қолға түспей, жасық деуші,
Қолға түссе, жасықты майдай жеуші -
Артынан арқан бойы шығып тұрып,
Өз үйінде сабазың сыр бермеуші.
Тимур және оның командасы
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
1 сынып Ана тілі оқулығының құрылымы мен құралысы
Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
АБАЙ ЖОЛЫ
Артикуляциялық жаттығулар арқылы баланың тілін дамыту
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Эрнест Миллер Хемингуэй
Қимыл қозғалыс ойындары туралы
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде - меншік және меншік құқығы
ШЫҒАЙҰЛЫ ДӘУЛЕТКЕРЕЙ
Қаламгерлік көсемсөзі
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
СБЖ-ның схемасын өңдеп сызу
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР
Мақсатына жеткен жан
Балалар ауруханасы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы