Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Сабақтың мақсаты
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы оятып, жас ұрпақтың туған халқына деген құрметін, сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі
Оқушылар рухани жаңғырудың табысты ел болуымыздың кепілі екенін түсінеді.
Түйінді идея
Рухани жаңғыру — болашаққа бағдар.
Көрнекіліктер
- Ноутбук
- Нақыл сөздер
- Суреттер
- Плакаттар және т.б.
Отан туралы ой: өлеңнен басталған әңгіме
Отан дейміз — от жаққан жерімізді,
Отан дейміз — өсірген елімізді.
Отан дейміз — туған жер, атамекен,
Биік тау, орман-тоғай, көлімізді.Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар екен артық дейтін Қазақстан?!
Сұрақтар арқылы ой қозғау
- 1 Отан деген не?
- 2 Қазақстанның рәміздерін атаңыз.
- 3 Қазақстан Республикасының Президентін атаңыз.
Ту
Шәкен Ниязбеков
Елтаңба
Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
Әнұран
Ш. Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев
Абайдың аманаты: өз орныңды табу
Абай атамыздың өсиеті бүгінгі жас ұрпақ үшін ерекше мәнді: қоғамдық өмірден қол үзбей, өз еліңді сүю; өз елінің тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын білу; дүниенің кетігін тауып, соған қалану — әр азаматтың борышы. Бұл — нарықтық кезеңде де маңызы жоғары міндет.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» — жаңа кезеңнің бағдары
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мақсат айқын, бағыт белгілі: әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл межеге жету үшін сана ісімізден озық жүруі тиіс — яғни үнемі жаңғырып отыруы қажет.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы — сананы жаңғырта отырып, ұлттық болмысты (ұлттық кодты) сақтап, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіруді көздейтін тұғырлы құжат.
Тәрбиелік бағыт
- Отанды сүюге, өз елінің тарихын тануға баулу
- Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойға сіңіру
- Таным белсенділігін арттыру
Қалыптасатын тұлға
- Сыни ойлайтын, зерттеушілік дағдылары дамыған
- Мәдениетаралық көзқарасы кең
- Өмір бойы оқуға қабілетті, адамгершілігі жоғары
- Қазақстандық патриотизмді өмірлік қағида еткен
Сабақтағы әрекеттер
Видеоролик
Тақырыбы: «Өз еліме қосар үлесім»
Топтық жұмыс
Ой бөлісу, қанатты сөздер айту
Постер қорғау
Негізгі тұжырымдарды дәлелдеу
Оқушылардың үндеуі: «Мәңгілік Ел» идеясы
1-оқушы
Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман — әлем елдерімен терезесі тең, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
2-оқушы
Ол арман — тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
3-оқушы
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Ол — «Мәңгілік Ел» идеясы.
4-оқушы
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі — мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
5-оқушы
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы — Мәңгілік Ел.
6-оқушы
«Мәңгілік Ел» ұғымы — «Қазақстан–2050» стратегиясының түпқазығы. Қазақстан–2050 — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Мәңгілік Ел болу — өз қолымызда.
Ортақ ұстаным
Қазақша
Біз — өз Отанымыздың патриотымыз.
Русский
Мы — патриоты нашей страны.
English
We are patriots of our country.
Қорытынды: жүрек, білім, талап
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықтарды жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы қажет емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек.
Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлемді таңғалдырар жаңалық ашар білімді ұрпақ қажет. Бүгінгі ұрпақ — тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, болашақ үшін жауап беретін буын екенін терең сезінейік.
«Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар, қалан!»
Автор туралы
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі — Кабдулина Асель.