Жеке сұрыптау

51 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Органикалық заттар топырақта:
A) өзгермейді
B) Көбейеді
C) Шоғырланады
D) Ыдырайды
E) Қалыптасады
2. Раушангүлділердің жемісі:
A) Бұршаққап.
B) Тұқымша.
C) Бұршаққын.
D) Көп сүйекті жаңғақ.
E) Дәнек.
3. өсiмдiктерге әсер ететiн тiрi табиғат жағдайлары -
A) Минералдар.
B) Барлық тiрi организмдер.
C) Ауа, су.
D) Жарық, жылу.
E) Жер бедерi, топырақ.
4. Хлоропластың қызметі:
A) Улы заттарды ыдырату.
B) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру.
C) Қор затын жинау.
D) Көбеюге қатысу.
E) Өсімдікке жасыл түс беру.
5. Ішқұрт жұқтырған адамның ауру белгілері -
A) Басы айналып, көзі қарауытады, есінен танады.
B) Бауырдың жасушалары май жасушаларына орын алмасады.
C) Қан қысымы жоғарылап, жүрек жұмысы күшейедi.
D) Дәм сезуді және адамның тамаққа тәбетін нашарлатады.
E) Адамның іші ауырады, құсады, іші өтеді, әлсізденеді.
6. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі:
A) Түйін.
B) Жүйке.
C) Дендрит.
D) Аксон.
E) Нейрон.
7. Агроценоздарға жататындар -
A) Тундра.
B) Өзендер.
C) Орман.
D) Дала.
E) Бақша.
8. Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі:
A) Түбіртегі жіңішке, ұзын, түбіртегінде сақинасы бар.
B) Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды.
C) Қалпақшасының асты ақшыл - жасыл түсті.
D) Жемісті денесі жер бетіне күзде дамиды.
E) Негізінен топ - топ болып өседі.
9. Жауынқұрттың денесіндегі қылтанының атқаратын қызметі:
A) Денені орнықты ұстау.
B) Зәр шығару.
C) Қозғалу.
D) Жиырылу.
E) Иіс сезу.
10. Сырттай ұрықтану... тән.
A) бауырымен жорғалаушыларға
B) адамға
C) қос мекенділерге
D) құстарға
E) сүтқоректілерге
11. Адамдағы кеуде сүйегіндегі қабырғалар саны:
A) 13 жұп
B) 12 жұп
C) 11 жұп
D) 9 жұп
E) 10 жұп
12. Гидра денесінің қабаттары:
A) Бір.
B) Үш.
C) Көп.
D) Екі.
E) Төрт.
13. Шаянның құрсақ бунағындағы қысқа аяқшалар саны -
A) Сегіз - сегізден.
B) Бір - бірден.
C) Төрт - төрттен.
D) Үш - үштен.
E) Екі - екіден.
14. Өсімдіктің азот жинақтаушы - түйнек бактериялары орналасқан орны:
A) Тұқымда.
B) Сабақта.
C) Тамырда.
D) Жемісте.
E) Жапырақта.
15. Жыл құсы:
A) Тоқылдақ.
B) Торғай.
C) Тырна.
D) Қарға.
E) Сауысқан.
16. Спора арқылы көбейе алатын өсімдік:
A) Шырша
B) Бақбақ
C) Көкнар
D) Мүк
E) Қарағай
17. Түйнек бактериялар мен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бірігіп тіршілік етуі:
A) Арамтамақтық.
B) Бәсекелестік.
C) Паразиттік.
D) Жыртқыштық.
E) Селбесу (симбиоз).
18. Қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігінен туатын ауру:
A) Микседема
B) Алыптық
C) Ергежейлік
D) Қант ауруы
E) Базедов
19. Тыныс алу мүшесінің ауруына жатпайтыны:
A) цистит
B) фарингит
C) трахеит
D) плеврит
E) тұмау
20. Жасуша рибосомасында түзілетін заттар -
A) Ақуыздар (нәруыздар).
B) Энергия көзі.
C) Көмірсулар.
D) Бейорганикалық қосылыстар.
E) Майлар.
21. Тері рецепторының орналасқан қабаттары:
A) Майлы.
B) Сіңірлі.
C) Ішкі.
D) Шел.
E) Сыртқы.
22. Ағзада жетіспегенде “мешел”ауруы пайда болатын дәрумен:
A) E
B) A
C) B
D) K
E) D
23. Жүрек қабырғасы... тұрады:
A) эпителий ұлпасынан
B) көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан
C) бірыңғай салалы бұлшықеттен
D) жүйкеден
E) шеміршекті ұлпадан
24. Жасушаның бөлінуі кезінде ең негізгі қызмет атқаратын органоид:
A) Жасуша қосындылары.
B) Қозғалыс органоидтары.
C) Гольджи жиынтығы.
D) Пластидтер.
E) Жасуша орталығы.
25. Синантроптың қаңқа қалдығы табылған жер -
A) Австралия.
B) Европа.
C) Азия.
D) Пекин.
E) Германия.
26. Йод алынатын өсімдік.
A) Балдыр
B) Бактерия.
C) Плаун.
D) Саңырауқұлақ.
E) Шаңжапырақ (қырықжапырақ).
27. Жануарлар селекциясында депрессияға ұшырататын әдістер:
A) Әріден будандастыру.
B) Жеке сұрыптау.
C) Тұқымаралық сұрыптау.
D) Жақын, туыстар арасындағы сұрыптау.
E) Жаппай сұрыптау.
28. Табиғатта түрдің тіршілік ету ареалын анықтау критериі.
A) Экологиялық - физиологиялық.
B) Географиялық - экологиялық.
C) Морфологиялық - анатомиялық.
D) Физиологиялық - систематикалық.
E) Генетикалық - физиологиялық.
29. Былқылдақденелілермен буылтық құрттардың дернәсіл сатысындағы ұқсастығы:
A) Тыныс алу жүйесі.
B) Желбезектің болуы.
C) Денесі буылтықтан құралуы.
D) Бақалшақтың болуы.
E) Қанайналым жүйесі.
30. Торлы қабықшада орналасқан таяқшадағы қызыл түсті зат родопсинді түзетін витамин
A) B12.
B) A.
C) D.
D) C.
E) B6.


20-40 дейін вариант қарау



Ұқсас жұмыстар

Ауыстыру арқылы сұрыптау
Малды сұрыптау және жұп таңдау
Аудиттегі сұрыптау
Сұрыптау есептері. қою арқылы сұраптау
Таңдау арқылы сұрыптау
Гетерогенді және өзгермелі сұрыптау
Ауыл шаруашылығы малдарын сұрыптау және жұптау қағидалары мен әдістері
Мал тұқымын асылдандыру жұмысы
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыпталу
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау жайлы
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары
Жеке адамды қалыптастыру
Балалар ауруханасы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы
Жеке адам мотивтері
Жеке органдар қызметін зерттеу
Жеке тұлғалардың мүлік салығы
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ
Денсаулық және жеке бас тазалығы. туралы
Жеке тұлға туралы