Әмір Темірдің өмірбаяны

7-сынып Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

§ 26. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Бұл сабақта Әмір Темірдің өмірі, Алтын Орда мен Моғолстанға жасаған жорықтары және олардың тарихи зардаптары жүйелі түрде қарастырылады. Материал интерактивті жұмыс, карта және кестелер арқылы бекітіледі.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Әмір Темірдің жорықтары туралы жалпы мәлімет беріп, негізгі түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: карта, тірек кесте, топтық жұмыс, ұшқыр ойлау және тірек-конспект жазу дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: елін қорғай білетін батыл, ержүрек азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ форматы

  • Түрі: интерактивті сабақ
  • Әдістері: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тірек-кесте, хронологиялық кесте, карта, топтық жұмыс, ойын технологиясы.
  • Бағалау: тестілеу (сәйкестендіру, толықтыру, баламалы тест).

Көрнекіліктер

  • карта, семантикалық карта
  • тірек кесте, хронологиялық кесте
  • тақырыптық слайд
  • тест материалдары
  • «Жедел хаттар» тапсырмалары

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу.
  2. Оқушыларды түгендеу және топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Жедел хат» ойыны арқылы ауызша сұрау.
  2. Семантикалық картамен жұмыс.
  3. Тестілеу.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Әмір Темірдің өмірбаяны.
  2. Алтын Орда мен Моғолстанға жорықтары.
  3. Жорықтардың зардаптары.
1

Әмір Темірдің өмірбаяны

Кіріспе бөлімінде тақырыптық слайд көрсетіліп, оқушыларға Әмір Темірдің өмір жолы ауызша баяндалады.

  • 1336 жылы Түркістанда дүниеге келіп, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген.
  • Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы.
  • 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болған.
  • 1370 жылы Мауераннахрды бағындырған.
  • Жас кезінде Түркістан маңындағы шайқастардың бірінде аяғынан жарақат алып, осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған.
  • 1405 жылы Қытайға жорыққа аттанғанда, жолай Отырарда қайтыс болған.
  • Сүйегі Самарқандағы Гүр Әмір кесенесіне жерленген.
2

Алтын Орда мен Моғолстанға жасаған жорықтары

Бұл бөлімде карта, хронологиялық кесте және тірек кесте арқылы негізгі бағыттар мен оқиғалар ретімен түсіндіріледі. Төмендегі кесте — Алтын Орда аумағына байланысты негізгі кезеңдер.

Жылдар Оқиғалар
1374–1375 Сауран түбіндегі шайқаста Тоқтамыс Ұрұс ханнан жеңіледі.
1375 Тоқтамыс пен Әмір Темір Ұрұс ханға қарсы аттанады.
1377 Сауранда Тоқтамыс Темір Мәліктен жеңіледі.
1380 Тоқтамыс Сарайды, Қажы Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алады.
1391 Құндызша түбіндегі шайқаста Әмір Темір Тоқтамыс әскерін жеңеді, бірақ Тоқтамыс қашып құтылады.
1395 Әмір Темір Тоқтамысты күйрете жеңеді.

Жұмыс форматы

Оқушылар картадан жорық бағыттарын белгілеп, тірек-конспект құрастырады және топтық талқылау арқылы оқиғалардың себеп-салдарын анықтайды.

3

Жорықтардың зардаптары

Бұл бөлімде жорықтардың өңірлік саяси ахуалға, билік үшін күреске және тарихи үдерістердің өзгеруіне әсері талқыланады. Талдау барысында оқушылар дерекпен жұмыс жасап, өз тұжырымын дәлелдеуге үйренеді.

Автор

Тарих пәні мұғалімі: Тажгарина Дана Канаткалиевна