Судың физикалық қасиеті

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Химия пәнінің мұғалімі: Әбілова Әсел Төлеуқызы

Жаңа сабақты меңгерту Қызығушылықты ояту Түсіндіру Сұрақ-жауап

Тақырып

Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі мен периодтық заңына кіріспе беру.
  • Химиялық элементтерді жіктеу нәтижесінде периодтық заңның ашылуын түсіндіру.

Дамытушылық

  • Металдар мен бейметалдар туралы ұғымды қалыптастыру.
  • Екідайлы (амфотерлі) қасиет көрсететін элементтер топтары туралы түсіндіру.

Тәрбиелік

  • Элементтердің адам өміріндегі маңызын және қолданылу аясын түсіндіру арқылы химияға қызығушылықты арттыру.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Заттар мен құралдар

  • Тұрмыста қолданылатын металдар мен бейметалдар үлгілері
  • Мырыш, сынауықтар
  • Тұз қышқылы, натрий гидроксиді (сілті)

Сызбалар

  • Венн диаграммасы
  • Тірек-сызба нұсқасы

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың қатысуын тексеріп, сабаққа назарын аудару. Психологиялық дайындық жүргізу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тарауды қорытындылау мақсатында тест тапсырмалары орындалады.

Тест тапсырмалары

  1. 1. Судың физикалық қасиеті:

    • a)түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық
    • ә)түссіз, ащы иісті сұйықтық
    • б)иіссіз, дәмді, қатты зат
  2. 2. Тұздардың жіктелуі:

    • a)орта, негіздік, қышқылдық
    • ә)негіздік, тұз, орта
    • б)қышқылдық, екідайлы, орта
  3. 3. Қышқылдардың жіктелуі:

    • a)оттекті, екідайлы
    • ә)негіздік, оттексіз
    • б)оттекті, оттексіз
  4. 4. Негіздердің жіктелуі:

    • a)суда еритін, суда ерімейтін, қышқылдық
    • ә)суда еритін, суда ерімейтін, екідайлы
    • б)суда еритін, суда ерімейтін, тұз
  5. 5. Оксидтердің жіктелуі:

    • a)негіздік, екідайлы, қышқылдық
    • ә)негіздік, қышқылдық, тұз
    • б)қышқылдық, екідайлы, орта

Ой шақыру

Өткен сабақтарда жай заттардың металдар мен бейметалдардан тұратынын қарастырдық. Бүгін сол ұғымды кеңейтіп, элементтерді жіктеу мәселесіне тоқталамыз.

3) Жаңа білімді игеру (мағынаны тану)

XIX ғасырдың екінші жартысында көптеген химиялық элементтер белгілі болды. Ғалымдар оларды ортақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай металдар және бейметалдар деп бөлді.

Дегенмен, элементтерді тек екі топқа бөлу жеткіліксіз екені анықталды: кейбір элементтер физикалық қасиеті бойынша металдарға ұқсайды, ал химиялық қасиеті жағынан екі жақты мінез көрсетеді.

Негізгі ұғым

Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесетін заттар екідайлы (амфотерлі) деп аталады. Мұндай элементтердің оксидтері мен гидроксидтері де екідайлы қасиет көрсетеді.

Мысалы, мырыш физикалық қасиеті жағынан металл, алайда химиялық тұрғыдан екідайлы: ол қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесе алады.

Қызығушылықты ояту: демонстрациялық тәжірибе

Оқушылардың көзін жеткізу үшін мырыштың тұз қышқылымен және сілтімен (натрий гидроксиді) әрекеттесу тәжірибесі көрсетіледі. Нәтиже арқылы мырыштың және оның қосылыстарының екідайлы қасиеті бекітіледі.

Дәптермен жұмыс

Анықтама жазу: қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесетін заттар екідайлы (амфотерлі) деп аталады.

4) Жаңа сабақты бекіту және қорытындылау

Тірек-сызба нұсқасы мен Венн диаграммасын пайдалана отырып, жаңа тақырып қорытындыланады. Оқушылардың түсіну деңгейі сұрақ-жауап және қысқаша талдау арқылы бағаланады.