Құтты болсын мереке, құтты болсын думан береке

«Қош келдің, Наурыз!» — мерекелік іс-шараның мазмұны

Қызылорда облысы, Арал қаласындағы «Жазира» балабақшасында І санатты тәрбиеші Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы ұйымдастырған «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік бағдарламаға арналған мәтін.

Тәрбиешінің құттықтауы

Уа, халайық, халайық! Мұнда назар салайық — халық мерекесі Наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, құтты болсын думан-береке!

Наурыз мерекесі құтты болсын! «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Наурыздың мәні мен дәстүрі

Ата-бабамыздың сөзімен айтқанда, бұл күн — «ақ түйенің қарны жарылған» қуаныш мерекесі. Ерте кезде үлкендер үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татып, үлкені кішісіне ақ батасын беріп, ізгі тілек тілеген.

Мерекенің ашылуы

Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашамыз.

Би: «Қаражорға»

Аңыз желісі: Қыдыр ата келетін түн

Халық аңызы бойынша, Наурыздың 22-сі күні түнгі сағат 03:00-де даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп қос шырақ жағылады.

Ыдыстарды «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып, жыл бойы дән тасқын-тасқын болып, ақ молайып, жауын-шашын көбейе берсін деп тілейді.

(Музыка әуенімен ортаға Көктем, Қыдыр ата, Наурыз қыз келеді.)

Ақ бата

Қыдыр ата ортамызға келіп, бізге ақ батасын, ақ тілегін берсін. Сәлем беріп, алақанымызды жайып, атамыздың ақ батасын алайық.

Сұрасаң, бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң, жол болсын.
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын.
Әумин!

Наурыз қыздың тілегі

Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай-шаңырақты өмірде,
Айтылады жырымыз.

Жайнатамын гүл-гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп Наурызды!