Қан құрамы, қан жасушалары
Сабақтың тақырыбы
§27 Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.
Білімділік мақсаты
Ағзаның ішкі ортасына, қанның құрамы мен қызметіне сипаттама беру.
Дамытушылық мақсаты
Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушы білімін тереңдету және алған білімін өмірде қолдануға үйрету.
Тәжірибелік мақсаты
Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс
- Химия
- Физиология
- Әдебиет
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. «Ауа райы» тренингі арқылы сабақ басындағы көңіл күйді ауа райы белгілерімен белгілеу.
Үй тапсырмасын тексеру: сандар, жылдам сұрақтар және PISA тапсырмасы арқылы білімді бекіту.
Үй тапсырмасын тексеру
A) «Сандар сыр шертеді»
Ә) «Кім жылдам?» ойыны
-
1) Тірек-қимыл жүйесіне нелер жатады?
Қаңқа, бұлшық ет.
-
2) Сүйектер құрылысы бойынша неше топқа бөлінеді?
3 топ.
-
3) Ұзын сүйектерді ата.
Қол-аяқ сүйектері, жіліктер.
-
4) Қысқа сүйектерді ата.
Омыртқа, алақан, табан, білезік, саусақ сүйектері.
-
5) Сүйектердің химиялық құрамы.
Бейорганикалық және органикалық заттар.
-
6) Оссеин сүйекке қандай қасиет береді?
Серпімділік (иілгіштік) қасиет береді.
-
7) Бұлшық ет ұлпасы құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
Бірыңғай салалы және көлденең жолақты.
-
8) Бұлшық еттердің ең басты физиологиялық қасиеті.
Жиырылғыштық.
-
9) Ми сауытының құрылысы.
Төбе (2), самай (2), маңдай, шүйде сүйектері.
-
10) Омыртқа жотасының қисаюының неше түрі бар?
Екі түрі: бүкірлік және қисаю (құныс).
Б) PISA тапсырмасы
Болат сыныбындағы ең ұзын бала еді. Достарымен бірге жүргенде бойының ұзындығынан ұялып, иығын алға қарай түсіріп жүретін. Уақыт өте келе өзінің бүкірленгенін байқамай қалды.
Сұрақ: Болат бойының ұзындығынан қысылмай, иығын тік ұстаса, қандай ауруға ұшырамас еді?
- A) Сколиоз
- Ә) Остеопороз
- Б) Пажет
II. Қызығушылықты ояту
Жұмбақ
Сұйық десем, су емес,
Ағзада ағар жолы бар.
Түсі де оның ақ емес,
Алқызыл дейді ағалар.
Оңды-солды ойқастар,
Қызмет жасар тоқтамай.
Сергектікке жол бастар,
Шипасы оның тағы бар.
Жауабы: қан.
Ой қозғау
«Қан туралы не білесіңдер?» — өз ойларыңды дәптерге түсіріңдер.
Бейнематериал
Бүгінгі тақырыпқа кіріспе ретінде қысқа видеоролик көрсетіледі.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: §27 Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.
III. Мағынаны тану
Организмнің ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы және лимфа жатады.
Топтық тапсырма I
Қанның қызметтері бойынша тірек-сызба құру.
Топтық тапсырма II
Қанның құрамын топтастыру.
Топтық тапсырма III
Қан жасушалары бойынша тірек-сызба жасау.
Топтық тапсырма IV
Эритроциттердің қызметі бойынша әр топ 2 сұрақтан құрастырады.
Дәптермен жұмыс: терминдер
- Плазма
- Қанның сарғыш түсті сұйық бөлігі.
- Эритроцит
- Қанның қызыл, ядросыз жасушалары.
- Лейкоцит
- Қанның түссіз (ақ) қорғаныш жасушалары.
- Тромбоциттер
- Қан пластинкалары (ұюға қатысады).
- Гемоглобин
- Қанға қызыл түс беретін пигмент.
- Оксигемоглобин
- Оттегімен қосылған гемоглобин.
Ойлан, тап
Қалыпты жағдайда жүрек 1 минутта орта есеппен 5 л қанды тамырларға айдайды. 1 сағатта және 1 тәулікте қанша қан айдалады?
1 минут
5 л
1 сағат
60 × 5 = 300 л
1 тәулік
300 × 24 = 7200 л
Жауабы: 1 тәулікте 7200 л қан айдалады.
«5 жолды өлең»
Не?
Қан
Қандай?
Сұйық, қызыл
Не істейді?
Ағады, қорғайды, тасымалдайды
Сөйлем
Қан — адам өмірінің тірегі.
Синоним
Дәнекер ұлпа
Қорытынды бөлім
Тренинг
«Ауа райы» әдісі арқылы сабақ соңындағы көңіл күйді белгілеу.
Бағалау
Топтық жұмыс, белсенділік және тапсырмаларға жауап беруіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма
§27 оқу. Тақырып бойынша эссе: «Қан адамға өмір сыйлайды».