Бала Абай туралы оқу

Сабақ тақырыбы мен мақсаты

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңі.

1

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын түсіндіру; ақын поэзиясындағы негізгі тақырыптар туралы мәлімет беру. Өлеңдегі ер жігіттің сенімді серігі — бәйге аты сипатталып, оның сыны мен бағасы көркем тілмен берілуін таныту.

2

Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын және талдау дағдысын дамыту.

3

Ұлы ақынға деген құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу; шығармалары арқылы оқушылар бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Сабақтың форматы

Түрі

Жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, лингвистикалық түсіндірмелі оқыту, сұхбат жүргізу.

Пәнаралық байланыс

Биология, қазақ тілі.

Көрнекіліктер

Ақын портреті, интерактивті тақта, оқушы дәптері.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Абай шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды таниды; жүйрікті баптау және оны бәйгеге қосу қазақ мәдениетінде үлкен өнер болғанын түсінеді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Сатылай кешенді талдау (СКТ) және өлеңнен жақсы/жаман қасиеттерді теріп жазып келу.

Рашитова Сабинаның СКТ (қысқаша мазмұндама)

  • Автор: Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) — айтыс шебері, әділ сыншы, Жамбылдың ұстазы.
  • Тақырып: Жақсы мен жаман адамның қасиеттері.
  • Жанр: Лирика (көңіл-күй лирикасы).
  • Идея: Адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеу.
  • Құрылымы: 3 шумақ, 42 тармақ; бунақ — 3; буын — 11–12; ұйқас — аралас.
  • Көркемдік тәсілдер: метафора (көкрегі — көр, көзі — соқыр), метонимия (жамандар, жақсылар), антоним (жақсы—жаман т.б.), синоним (үлкен, кесек), дисфемизм (өтірікші, өсекші), теңеулер (ел-жұртының қаласындай т.б.).
  • Түсіндірме: тана — сиырдың жасы.

Жақсы адам қасиеттері

Ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, үлкен-кішіге бірдей, алысты жақын ететін зерек.

Жаман адам қасиеттері

Көкірегі — көр, көзі — соқыр; өтірікші, өсекшіл, іріткі салғыш, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, ел арасын сөзбен бықсытушы.

III. Қызығушылықты ояту (Ой қозғау)

“Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.”
Н. Назарбаев
“Қазақтың бас ақыны — Абай (шын аты — Ибраһим) Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.”
А. Байтұрсынов
“Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы — заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.”
М. Әуезов

IV. Жаңа сабақ (Мағынаны тану)

Абай туралы қысқаша мәлімет

Абай Құнанбайұлы (1845–1904) — XIX ғасырдағы қазақтың данышпан ақыны, ойшыл ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әжесі — Зере, анасы — Ұлжан.

Абай табиғат лирикасын дамытты, сазгер болды, сондай-ақ араб, парсы, түрік және орыс ақындарының шығармаларын аударды.

Абайдың тегі (шежірелік тізбек)

  1. 1. Кішік
  2. 2. Әйтек
  3. 3. Олжай
  4. 4. Қайдос
  5. 5. Ырғызбай
  6. 6. Өскенбай
  7. 7. Құнанбай

Абайдың аналары және балалары

Күңке

Құдайберді → Шәкәрім

Ұлжан

Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан

Айқыз

Халиолла, Ысмағұл

Торғай (Нұрғаным)

Бала жоқ

Оқулықпен жұмыс және белгілеу жүйесі

«Бала Абай» туралы мәтінді оқу. Оқушылар дәптерге ассоциация жасап, түртіп алып отырады.

v

Білемін

+

Жаңалық

-

Білмеймін

?

Толығырақ білгім келеді

Өлеңнің тақырыбы: ат сыны

«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» — бәйге атқа арналған өлең. Көшпелі өмір салтында жылқының орны ерекше болғандықтан, ақын жүйріктің бағасын да, бабын да терең түсінеді. Ат — «ер қанаты», адамға ең жақын әрі қадірлі жануар ретінде суреттеледі.

Мәнерлеп оқу және талдау бағыты

Өлеңді оқушылар дауыс ырғағымен мәнерлеп оқиды. Интерактивті тақтадан жылқының сыртқы мүшелері көрсетіліп, ақын сипаттауындағы аттың түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы, шабыс- желісі бейнелі сөздермен қалай айшықталғаны талданады.

Сөздік жұмысы

Сағақ
Жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы.
Жерсоғар
Ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі.
Ашамайлы
Ашамай салынған деген мағына.
Ашамай
Жас балаларға арналған арнайы ер-тоқым түрі.
Арса-арса
Арбиған, сүйектері анық білінетін, арықтау келген.
Шідерлік
Аттың сирағында шідер салатын жер.
Шідер
Аттың екі алдыңғы аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау.

Мұғалім түсіндірмесі: жүйріктің «шындығы»

Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Абай бұл өлеңде бәйге атының мүсінін дәл береді. Мысалы, «жауырыны етсіз тақтайдай-ақ» деген теңеу жүйрікте артық ет болмайтынын аңғартады.

Сол сияқты «қоян жақ», «қой мойын» секілді қарапайым көрінетін сипаттамалар да нақты белгіге құрылған: қоянның жағы — етсіз, қу жақ; жүйріктің жағы майлы келмейтінін ақын осылай дәл көрсетеді. Әр бейнелі сөздің астарында тәжірибе мен бақылау жатыр.

V. Бекіту (Ойтолғаныс)

1-кесте: Тіркесті сөздер және тілдік тапсырмалар

Шумақтан теріп жазу

Шоқпардай кекіл, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа, майда жал, ой желке.

Омонимдерді табу (мысал)

Қой: 1) Қорада қой су ішіп тұр. 2) Кітапты орнына қой.

Ой: 1) Оның ойы ұшқыр. 2) Ауыл ойға қарай қоныс тепті.

Жақ: 1) От жақ. 2) Адамның дене мүшесі — жақ. 3) І, ІІ, ІІІ жақ.

Тасымалдауға келмейтін сөздер

Қой, жақ, ауыз, жал, ой.

2-кесте: Жылқы мүшелері және сөз табы

Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп жазу:

Кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз, омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз.

Сұрағы

Не?

Сөз табы

Зат есім

Нәтиже

Дене мүшелері нақты атаулар арқылы жүйеленеді.

3-кесте: «Бес жолды өлең»

  1. 1. Кім? Не? — Абай
  2. 2. Қандай? — Ақылды, зерек
  3. 3. Не істеді? — Оқыды, жазды, қалдырды
  4. 4. Сөйлем — Абай қазақтың ұлы ақыны.
  5. 5. Синоним — Абай — ақын

4-кесте: Батырлар жырындағы тұлпарлар

Батыр Аты
Алпамыс Байшұбар
Қобыланды Тайбурыл
Ертөстік Шалқұйрық
Күлтегін Қарагер
Кендебай Керқұла

Пысықтау сұрақтары

  1. Абай суреттеген аттың сыны — сөз өнері. Ал суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?
  2. Өнердің тағы қандай түрлерін білесіңдер?
  3. «Ат — ер қанаты» деген қанатты сөз неге байланысты туған деп ойлайсыңдар?
  4. Жылқы туралы қандай ән, би, күй атауларын білесіңдер?
  5. Ат туралы қандай мақал-мәтелдер айтасыңдар?

Мақал-мәтелдер (үлгі)

  • Ат биеден, аруана түйеден.
  • Тұлпар шаба жетіледі, сұңқар ұша жетіледі.
  • Ат құлыннан, батыр баладан.
  • Ат тұяғын тай басар.
  • Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен.
  • Ерге лайық ат бітеді, қызға лайық сән бітеді.

Қорытынды ой

Өлеңнің идеясы — ер қанаты болған жақсы атты таныту, оның қасиетін дәл суреттеу. Өлең түйіні: «Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас» — ақын осындай ат мінуді арман етеді.

VI. Үй тапсырмасы

1-топ

Өлеңнен ұнаған 3 шумақты мәнерлеп жаттау; эпитеттерді теріп жазу.

2-топ

Өлең мазмұнын қара сөзбен жазу.

3-топ

Теңеулерді теріп жазу; аттың суретін салу.

Барлық топқа: өлең бойынша сатылай кешенді талдау жасау.

VII. Бағалау (СКТ үлгісі)

«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» — сатылай кешенді талдау

  • Автор: Абай Құнанбайұлы (1845–1904) — ақын, аудармашы, жазба әдебиеттің негізін салушы.
  • Тақырып: «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ».
  • Жанр: Лирика.
  • Идея: Ер қанаты болған жақсы атты суреттеу, таныту.
  • Шумақ саны: 7.
  • Тармақ саны: 28.
  • Бунақ саны: 3.
  • Буын саны: 11.
  • Ұйқас түрі: Қара өлең.
  • Көркемдік тәсілдер: омоним (көсем, ер, ат), эпитет (қой мойынды, салқы төсті, шақпақ етті, қамыс құлақ, бөкен қабақ, қоян жақ, теке мұрын, бота тірсек), теңеу (шоқпардай, тояттаған бүркіттей, жалпақ тақтайдай).
  • Түсіндірме сөздік: сағақ, ұма, аяң, алшы, ашамайлы.
  • Өлең түйіні: «Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас. Разы емен осындай ат мінбесем».