Екі оқушыға өлеңді оқыту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Т. Молдағалиев — «Біздің ту»
Сілтеме
Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлажанова. «Әліппе», 1-сынып оқулығы. Атамұра, 2012.
Қолданылатын ресурстар
- Слайд-презентация
- Көрнекіліктер
- Сабақ жоспары
- Мемлекеттік рәміздер туралы бейнематериал
Жалпы мақсат
- Оқушылардың Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы білімін кеңейту.
- Рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
- Бір буынды сөздер және бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер туралы түсінік беру.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Ойға толып санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
Топқа бөлу
Атырау қаласының суреттері қиындысын құрастыру арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
Барлық сынып
Қазақстан картасы бойынша әр жолды жатқа айту.
I топ
Туған жер туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту.
II топ
«Менің туған жерім» тақырыбындағы шығармаларын оқу.
III топ
Туған жер, Отан туралы жаттап келген өлеңдерін оқу.
Ой қозғау (сұрақ-жауап)
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан.
- Қазақстан қандай ел?
- Егеменді, еркін, тәуелсіз.
- Елбасымыз кім?
- Н. Ә. Назарбаев.
- Рәміздерге не жатады?
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
Қызығушылықты ояту
1) Бейнематериал
Мемлекеттік рәміздер туралы видеоны тамашалау.
2) Оқушы таныстырылымы
I топ оқушысы дайындаған слайд арқылы таныстыру.
1-слайд: Мемлекеттік Тудың авторы
ҚР Мемлекеттік Туының авторы — Ш. О. Ниязбеков. Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, қазақстандық дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.
2-слайд: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Көгілдір түс
Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске түсіреді. Ашық аспан — бейбітшілік пен амандықтың белгісі.
Алтын күн
Нұр шашқан алтын күн — байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.
Дала қыраны
Қыран бейнесі — еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, жомарттық пен қырағылықтың нышаны.
Ұлттық өрнек
Өрнек — белгілі дәуірге тән қолтаңба; халықтың көркемдік талғамын танытады.
Мағынаны тану
- 1 Т. Молдағалиев туралы қысқаша мәлімет беру.
- 2 «Біздің ту» өлеңін үш топқа бөліп оқыту.
- 3 Өлеңнің мазмұнын ашу, талқылау.
Сергіту сәті
«Көк тудың желбірегені» әнін хормен орындау.
Ережемен таныстыру
Тасымалдауға болмайтын сөздер төмендегідей:
1) Бір буынды сөздер
Мысалы: от, сүт, қант.
2) Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер
Мысалы: о-рақ, ө-зен, а-ю, ұ-я, қи-я.
Кітаппен жұмыс
76-жаттығу: екі оқушыға өлеңді оқыту, сұрақтарға өз ойымен жауап беру.
Топтық тапсырма
I топ
Бір буынды сөздер.
II топ
Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер.
III топ
Тасымалдауға болатын сөздер.
Үйге тапсырма
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- II топ: Елтаңба туралы қосымша мәлімет дайындап келу.
Бағалау
Әр топтың басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмысына баға береді.