Қыстырма сөздер

Қыстырма сөздер: театр мен кинотеатр жағдайы арқылы сөйлеу

Бұл жоспар жаңа тақырыпты түсіндіруге арналған: қыстырма сөздерді театр және кинотеатр контексінде қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдік қарым-қатынас дағдыларын және сауатты жазуын дамыту.

Сабақ типі

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру және лексикалық материалды грамматикалық тақырыппен ұштастыру.

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Орыс тілі
  • Мәдениеттану
  • Тарих

Күтілетін нәтиже

  1. 1. Жаңа сабақтың негізгі тақырыбын біледі және түсінеді.
  2. 2. Алған білімін күнделікті өмірде қолдана алады.
  3. 3. Лексикалық тақырыптың мән-мазмұнынан ғибрат алады.
  4. 4. Грамматикалық тақырыпты түсіну арқылы сауатты жазып, ойын еркін жеткізіп, тілдік қарым-қатынасқа түседі.

Міндеттер

1) Білімділік

  • Театр, соның ішінде қазақ театры туралы білімді жетілдіру және тәжірибеде қолдану.
  • Қыстырма сөздердің жасалу жолдарын және қолданылуына қарай түрлерін ажырата білу.
  • Тілдік қарым-қатынаста қыстырма сөздерді орынды қолдану.
  • Сөздік қорды молайту: таныстыру, анықтама беру, түсіндіру; карталар мен сызбаларды түсініп оқуға үйрету; танымдық белсенділікті арттыру.

2) Дамытушылық

  • Ауызекі сөйлеу тілін жаттықтыру, ойды толық әрі нақты жеткізуге үйрету.
  • Сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, дүниетанымды кеңейту.
  • Сауатты жазуға және интерактивті тақтамен белсенді жұмыс істеуге баулу.
  • Сараптау, салыстыру, негізгі ойды табу; себеп–салдар байланысын орнату; мысал келтіру; әдебиетпен, картамен, сызбамен, кестемен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік

  • Қазақ театр өнерінің шеберлерін қадірлеуге тәрбиелеу.
  • Озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азамат қалыптастыруға ықпал ету.

Оқыту әдістері мен технологиялар

Әдістер

  • Шығармашылық ізденіс
  • Сын тұрғысынан ойлау
  • Баяндау
  • Сұрақ–жауап
  • Пікірталас, кітаппен жұмыс

Технологиялар

  • Дамыта оқыту
  • Ақпараттық технологиялар
  • Модульдік технология
  • Көрнекілік және тәжірибелік жұмыстар: тапсырма, жаттығу, жоба

Сабақты жабдықтау

Интерактивті құралдар

Интерактивті тақта, слайдтар

Медиа

Бейнеролик, аудио материалдар

Техника

Құлаққап, аудиоплеер, дербес компьютер, «Диалог лингво» қондырғысы

Көрнекілік

Кестелер, қағаз материалдар, сызбалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Кезекшінің рапорты.
  • Сабақ тақырыбын айқындау: слайдтағы сөзжұмбақты шешу және сөздік жұмысы (жасырын тіркестер: «Театр киім ілгіштен басталады», «театр ғимараты», «С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры», «театр маусымы»).

Кіріспе сөз

  • Сабақтың тақырыбы, мақсаты және міндеттері нақты айтылады.
  • Сабақ барысында орындалатын жұмыстардың түрі мен реті түсіндіріледі.

II. Негізгі кезең

1) Үй тапсырмасын тексеру

  • Топ студенттері өткен тақырып бойынша өздері таңдаған Қазақстан жұлдыздары туралы қысқаша мәлімет береді.
  • Бір оқушы Қазақстан жұлдыздары туралы слайд әзірлейді.
  • 1–2 оқушы сүйікті әншісінің әнінен үзінді айтады.

Театр және кинотеатр туралы ой қозғау

Оқытушы өткен сабақ пен жаңа тақырып арасындағы байланысты көрсетіп, театр әлемі, қазақ театры және кинотеатр мәдениеті туралы қысқаша шолу жасайды. Тақырыпты ашу үшін сұрақ–жауап және ой-түрткі тәсілдері қолданылады:

  • Театр туралы не білесіңдер?
  • Кинотеатрдағы мәдениет пен тәртіп туралы не айта аласыңдар?

Қосымша материал ретінде «Өнернама» бағдарламасынан Асанәлі Әшімовпен сұхбат үзіндісі аудиожазба арқылы тыңдатылады (құлаққаппен). Тыңдалымнан кейін студенттер түсінгенін, есте сақтағанын мазмұндап береді.

Мәтінмен жұмыс: «Қазақ театры туралы»

Қазақ тілінен жұмыс дәптері (150-бет) бойынша

Театр — ойын-сауық орны. Мұнда ойын-сауықпен қатар драмалық шығармалар қойылып, мәдени шаралар өтеді. Театр ең алғаш Грецияда пайда болған.

Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты ойын-сауықтар, ақындар айтысы сияқты дәстүрлер театр өнерінің алғашқы көріністері саналады. Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен.

1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М. Әуезовтің «Еңлік–Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды. 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылғы 13 ақпанда М. Әуезовтің «Еңлік–Кебек» трагедиясымен ашылды.

Театрдың алғашқы құрамында Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және басқа да өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихында өшпес із қалдырды.

1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз қаланды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты орналасқан. Бүгінде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар жұмыс істейді. Соңғы жылдары театр репертуары да айтарлықтай байыды.

Тапсырма A1

Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар.

Тапсырма A2

Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. 1.Театр деген не?
  2. 2.Тұңғыш музыка театры қашан ашылды?
  3. 3.1934 жылы қандай театрдың негізі қаланды?

Тапсырмалар B1 / C1

  • B1: Мәтінді оқып, өз сөздеріңмен әңгімелеңдер.
  • C1: Мәтін бойынша сұрақ–жауап ұйымдастырыңдар.

2) Грамматикалық тақырып: қыстырма сөздер

Анықтама

Сөйлемдегі ойға, айтылу мәніне жазушының немесе сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөз түрі қыстырма сөз деп аталады.

Мысалдар:
Біздің ойымызша, биылғы жыл табысты болмақ.
Театр актерлері үшін, әрине, көп жағдай жасау керек.

Ерекшеліктері

  1. 1. Айтушы/жазушы өз көзқарасын білдіреді.
  2. 2. Басқа сөздерден оқшауланып, ерекше интонациямен айтылады.
  3. 3. Қыстырма сөз ретінде модаль сөздер мен сөз тіркестері жұмсалады.

Слайд-кестемен жұмыс

Қыстырма сөздердің қызметі мен түрлерін кесте арқылы бекіту.

Жаңа сөздермен жұмыс

Қазақ тілін үйрету сайтынан алынған сөздерді мына қыстырма сөздермен байланыстырыңдар:

Шынында Мүмкін Меніңше Бақытыма қарай Сөйтіп

Жазылым және айтылым

  • Берілген сөздермен сөйлем құрастырып, компьютерде теру.
  • Екі оқушы театр тақырыбына қыстырма сөздерді қолданып, диалог құрастырады.

3) Бекіту жұмыстары

«Актерлік шеберлік» ойыны

  1. 1.8 Наурыз мерекесімен анасын құттықтап жатқан бала.
  2. 2.Ұялы телефонының қай жерде шырылдап жатқанын таба алмай жүрген қыз.
  3. 3.Ғашық жүрек.
  4. 4.Жауға шауып келе жатқан жауынгер.
  5. 5.Ән салып тұрған әнші қыз.

«Іші–сырты» стратегиясы (флипчарт)

Ішіне

  • Сахна
  • Көрермен
  • Актер
  • Маусым

Сыртына

  • Кен байытушылар
  • Флотаторлар
  • Зауыт
  • Колледж

III. Қорытындылау

Өнер туралы мақалдар

  1. 1) Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
  2. 2) Өнерлінің өрісі ұзақ.
  3. 3) Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.

Мақалдардың мағынасын түсіндіріп, өмірмен байланыстырып талдау ұсынылады.

Пысықтау сұрақтары

  1. 1.Бүгін біз қандай тақырып өттік?
  2. 2.Сабақ сендерге қандай әсер қалдырды?
  3. 3.Сабақ ұнады ма?
  4. 4.Несімен ұнады?
  5. 5.Несімен ұнаған жоқ?
  6. 6.Келесі сабақтың қалай өткенін қалар едіңдер?

IV. Үй тапсырмасы

  • Сөздікті және ережені жаттап келу.
  • Өз облысымыздағы театрлар туралы шағын мәтін жазып келу.

V. Бағалау

Бағалау сабақ бойындағы белсенділікке, тыңдалым нәтижесіне, мәтінді мазмұндауға, қыстырма сөздерді дұрыс қолдануға және тапсырмаларды орындау сапасына сүйене отырып жүргізіледі.

Критерий

Сөйлеу

Ойдың жүйелілігі, диалог құрастыру

Критерий

Тыңдалым

Негізгі ойды табу, мазмұндау

Критерий

Грамматика

Қыстырма сөздерді орынды қолдану