Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі
Екі заттан құрылған натюрморт
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері және технология, сызу пәндерінің мұғалімі — Балмұханов Нұрболат.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Мүсін өнері туралы білімді кеңейту.
- Мүсіннің жасалу жолдары мен негізгі заңдылықтарын түсіндіру, есте сақтауға бағыттау.
Дамытушылық
- Логикалық ойлау мен қиялды дамыту.
- Шығармашылық ізденіске баулу.
- Көру, есту және есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
- Мүсін өнеріне қызығушылықты оятып, іскерлік пен шеберлікке баулу.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа және жұмыс орнын таза ұстауға тәрбиелеу.
- Ермексазбен қауіпсіз, мәдениетті еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
- Адамгершілікке, жауапкершілікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Көрнекілігі
- Жемістер мен көкөністер бейнеленген фотосуреттер.
- Жемістер мен көкөністердің муляждары.
- Жұмбақтар.
- Ермексаз, тақтайша, таяқша, сүлгі.
Құрал-жабдықтар
Мұғалім үшін
- Жемістер мен көкөністер суреттері (көрнекі материал).
- Презентация.
- Жұмбақтар.
Оқушылар үшін
- Ермексаз.
- Тақтайша.
- Таяқша.
- Сүлгі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу.
- Құрал-жабдықтарын түгендеу және тексеру.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)
1)
Кемпірқосақтың түсі нешеу?
2)
Кескіндеме өнері дегеніміз не?
3)
Суға жақсы еритін, мөлдір бояу қалай аталады?
4)
Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңдар.
III. Жаңа сабақ
Жұмбақтар (шешуімен)
-
Аппақ ас мұзы бар, балалар қызығар.
Жауабы: балмұздақ
-
Тағамдардың асылы, қуат берер күші бар.
Жауабы: нан
-
Аппақ сұйық — шөлің қанады, ішсең құйып.
Жауабы: сүт
-
Сүзбеден не дайындаймыз?
Жауабы: құрт
-
Сұйық еді аппақ, бауырдай болып қалыпты. Ішсең дәмді, тәтті-ақ.
Жауабы: айран
Негізгі ұғымдар
Мүсін өнері
Мүсін өнерін скульптура деп те атайды. Бұл атау латынның sculptura, sculpo — «шекімін, қашаймын» деген сөздерінен шыққан.
Мүсін — әртүрлі материалдардан кеңістікте сомдалған көркем шығарма. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы — пішіннің барлық қырынан анық көрінуі.
Мүсіндеудің түрлері
- Жұмыр мүсін — барлық жағынан қарап тамашалауға болады.
- Рельеф — кең тараған түрі; оны әртүрлі тиындардан жиі кездестіреміз.
Мүсін жасауға қажетті материалдар
Ермексаз, тас, ағаш, гипс және басқа да материалдар.
Натюрморт
Натюрморт — француз тілінен аударғанда «өлі табиғат» ұғымын білдіреді. Бұл жансыз заттар мен денелерді бейнелейтін көркем шығарма.
Натюрморт жанры XVII ғасырда Голландияда кеңінен дамыды. Сол кезеңде тұрмыстық бұйымдардан құралған натюрморттық композициялар жиі кездескен.
Құрылымы бойынша
- Қарапайым — 1–3 заттан қойылған қойылым.
- Күрделі — 5 және одан көп заттан құралған композиция.
IV. Сарамандық жұмыс
Оқушыларға жемістердің мүсінін жасау жолдарын көрсететін видеоролик ұсынылады. Осыдан кейін оқушылар ермексаздан өз мүсіндерін жасайды.
Ермексазбен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
- Ермексазды ауызға салмау.
- Жұмыс орнын таза ұстау.
- Жұмыс аяқталған соң қолды мұқият жуу.
V. Сергіту сәті
Төмендегі әріптер тізбегінің ішінен жасырынған бес сөзді табыңдар:
VI. Жаңа сабақты қорытындылау (сұрақтар)
- Мүсіндеу дегеніміз не?
- Мүсін өнерінің қандай түрлері бар?
- Жұмыр мүсін дегеніміз не?
- Мүсіндер қандай материалдардан жасалады?
VII. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың жұмыстарын қарап шығу, белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы
Ермексаздан жемістердің мүсінін жасап келу.
Толық нұсқасын жүктеу