Ақылды бала арлы бала, ақылсыз бала сорлы бала
Ақтөбе қаласындағы №3 «Ертегі» МДҰ-да мекеме меңгерушісі, А. Байтұрсынов атындағы медаль иегері Мұханбетқалиева Бибігүл Қыдырғалиқызының ұйымдастыруымен «Тәрбие басы — тал бесік» тақырыбында мазмұнды сайыс өтті. Шараның айдар сөзі — «Ата көрген — оқ жонар, ана көрген — тон пішер».
Сайыстың форматы
«Аталар мен әжелер — немерелер» сайысы ұлттық тәлім-тәрбиені, отбасылық сабақтастықты және үлкенге құрмет көрсетуді дәріптеуге арналды.
Мақсаты
- Бүлдіршіндерді ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге баулу.
- Халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрді таныту, ой-өрісті дамыту.
- Өнерге баулу, сахналық мәдениетті қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
- Қоржын, асықтар.
- Күйлер жазылған үнтаспа.
Нақыл сөздер
«Үйіңде қария болса, жазулы тұрған хатпен тең.»
«Көненің көзі — ақылдың кені.»
«Қариясы бардың — қазынасы бар.»
Сайыстың ашылуы
Жүргізуші қонақтарды, тәрбиешілер мен бүлдіршіндерді қарсы алып, ақын Мұқағали Мақатаевтың қарияға құрмет жайлы өлең жолдарын еске салды. Осылайша ата-баба даналығы мен ұрпақ сабақтастығын арқау еткен сайыс салтанатты түрде басталды.
Сайыскерлер
- Садуақас ата — немересі Санат.
- Байтұрсын ата — немересі Арай.
- Амансұлтан әже — немересі Айя.
Қазылар алқасы
- Әдіскер.
- Кәсіподақ ұйымының төрайымы.
- Тәрбиеші.
- Ата-ана өкілі.
Байқау кезеңдері
Сайыс алты бөлімнен тұрды. Әр кезеңде ұлттық таным, сөз мәдениеті, шеберлік және өнер бір арнаға тоғысты.
-
1-бөлім: «Жеті атасын білген ер — жеті жұрттың қамын жер»
Әр топ өзін таныстырып, немерелер жеті атасын айтты. Аталар мен әжелер руы, өскен жері секілді мәліметтерді толықтырды.
-
2-бөлім: «Атадан қалған асыл сөз»
Мақал-мәтелдер, ырым-тыйымдар сайысы. Тәрбиеші бастаған мақалдың жалғасын балалар тапты.
Мысал: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.»
Мысал: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.»
Мысал: «Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.»
Мысал: «Ақылды бала — арлы бала, ақылсыз бала — сорлы бала.»
Ырым-тыйымдар (аталарға)
- Бала бас ұстамайды.
- Ми жемейді.
- Жас балаға бұғана ұстатпайды.
- Даладан үйге жүгіріп кірмейді.
- Қыз баланың басына ақ не қара орамал салмайды.
- Бос бесікті тербетпейді.
Қатысушылар әр тыйымның мағынасын түсіндіріп, тәрбиелік мәнін ашты.
Қазылар алқасы алғашқы екі бөлімнің бағасын шығарғанша, көрермендерге «Гүлдер» биі ұсынылды.
-
3-бөлім: «Шешендік сөздер»
Немерелер асық таңдау арқылы салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді: «Үш арсыз», «жеті санына байланысты ұғымдар», балаға қатысты түсініктер. Аталар мен әжелер балаға бағыт-бағдар беретін нақыл, шешендік сөздер айтып, мағынасын түсіндірді.
«Атаңа не қылсаң — алдыңа сол келер.»
«Азаматпен дос бол — қадіріңді біледі, білімдімен дос бол — сасқанда ақыл береді.»
«Бала болсаң, болғандай бол; ағайынға қорғандай бол.»
-
4-бөлім: «Шеберлік сайысы»
«Ата көрген — оқ жонар, шеше көрген — тон пішер» қағидасы бұл кезеңде айқын көрінді: қатысушылар қамшы өру, ою ою секілді қолөнер түрлерін көрсетті. Немерелер үлкендерге қолғабыс етті.
Кезең арасында «Дастархан» әні орындалып, ұлттық береке мен бірлік тақырыбы тереңдей түсті.
-
5-бөлім: «Көкпар» (сұрақ-жауап)
Қазақ халқы жылқыны ерекше қадірлеген. Бұл кезеңде асық таңдау арқылы жылқыға қатысты танымдық сұрақтарға жауап берілді.
1) Жылқы малы қанша жыл жасайды?
Жауабы: Отыз жыл.
2) Құлыншақтың аяқтанып, отыға бастаған кезі қалай аталады?
Жауабы: Қарақұлақ.
3) Қазақ ерінің жасалуына қарай түрлерін атаңыз.
Жауабы: Ойма ер, құранды ер, ақбас ер, ашамай ер.
4) Ат айылдары қаншау?
Жауабы: Төс айыл, шап айыл.
5) Салт атты адамның бір затты ердің үстіне көлденең салып ұстауы қалай аталады?
Жауабы: Өңгеру.
6) Ер-тоқымның аттың мойнына кетпеуі үшін тағылатын тұрман қалай аталады?
Жауабы: Құйысқан.
-
6-бөлім: «Өнер сайысы»
«Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, қоян-қолтық алыспай» қағидасымен әр топ өз өнерін ортаға салды. Көрерменге «Отан» әні ұсынылды.
Қорытынды және марапаттау
Қазылар алқасы сайыс нәтижесін шығарып, қатысушыларды бірнеше номинация бойынша бағалады. Марапаттау рәсімінен кейін алғыс айтылып, шара жылы лебізбен аяқталды.
«Көненің көзі»
Дәстүр мен тәжірибені дәріптегені үшін.
«Жылқы бабының білгірі»
Танымдық сұрақтардағы белсенділігі үшін.
«Сегіз қырлы, бір сырлы»
Өнері мен шеберлігі үйлескені үшін.
Тәрбиелік түйін
Бұл шара — үлкеннің өнегесін, немеренің ізетін ұштастырған, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруге бағытталған тағылымды кездесудің жарқын үлгісі болды.