Графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

Сабақтың мақсаты

Білімділігі

Оқушыларды Қарындаш, Қылқалам, Өшіргіш құралдарымен жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылығы

Графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі

Қарындаш, Қылқалам, Өшіргіш құралдарын пайдаланып, графикалық ақпаратты өңдеу барысында оқушылардың эстетикалық мәдениеті мен шығармашылық икемділігін қалыптастыру.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Дәптермен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • Үлестірмелі қағаздар

Сабақ құрылымы

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй жұмысын тексеру
  3. Үй тапсырмасын бекіту
  4. Жаңа сабақ
  5. Практикалық бөлім
  6. Қорытындылау
  7. Үй тапсырмасын беру
  8. Бағалау

Үй жұмысын тексеру

1) Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?

Жауабы: Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint.

2) Графикалық редактордың мүмкіндіктерін атаңыз

Жауабы: бағдарлама әртүрлі суреттерді салуға және оларды түрлендіруге мүмкіндік береді.

Үй тапсырмасын бекіту

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Үйді күзетеді, бірақ үрмейді?
  2. Әдемі қызды қалай атаймыз?
  3. Бал жинайтын жәндік?
  4. Сурет бояйтын щетка?
  5. Ең үлкен тағам?
  6. Балалар теуіп ойнайтын нәрсе?
  7. Тауықтың баласы қалай аталады?
  8. Суретте қате кетсе, оны немен өшіреміз?

Жаңа сабақ

Бүгінгі тақырып

Бүгін біз дайын суреттері бар файлдарды ашу әрекетін қайталаймыз. Содан кейін Қарындаш және Қылқалам құралдарының қызметтерімен танысамыз.

Құралдар тышқанмен шерту арқылы таңдалады. Қылқаламды таңдағанда оның түрлеріне, ал Өшіргішті таңдағанда оның көлеміне назар аударыңыз.

Жұмыс істеу үшін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, меңзерді қажетті бағытқа жылжытыңыз. Өз бетіңізше орындап көріңіз.

Түсіндіру және көрсету

  • Қарындаш, Қылқалам, Өшіргіш құралдарының қызметтері компьютер және жұмыс дәптері арқылы қарастырылады.
  • Құралдармен жұмыс жасау технологиясы түсіндіріледі.
  • Қылқалам түрлерін таңдау және Өшіргіштің түрі мен көлемін өзгерту тәсілдері көрсетіледі.

Paint құралдары: қысқаша анықтамалар

Ерікті аймақты белгілеу — қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдайды.

Белгілеу — суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдайды.

Өшіргіш — суреттің белгілі бір бөліктерін өшіреді.

Құю (заливка) — тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

Түс таңдау — суреттің кез келген нүктесіндегі түсті алып, кескін/фон түсін соған өзгертеді.

Масштаб — суреттің жеке үзінділерін үлкейтеді.

Қарындаш — әртүрлі жуандықта сызық сызады.

Қылқалам — ерікті сызықтар салады; қажетті түрін таңдауға болады.

Бүріккіш — шашырата бояу әсерін береді.

Жазу — сурет ішіне мәтін орналастырады.

Сызық — түзу сызық сызады.

Қисық — тегістелген (иілген) сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Тіктөртбұрыш — тіктөртбұрыш салады.

Көпбұрыш — ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Эллипс — шеңбер немесе эллипс салады.

Дөңгеленген тіктөртбұрыш — бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салады.

Қысқа тапсырмалар

  1. Арунаға жіп шумақтарын тарқатуға көмектесіңіз. Әр шумақты түрлі түске бояңыз.
  2. Әлімге нені тоққа қосқанын еске түсіруге көмектесіңіз.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.

Практикалық бөлім

3-тапсырма

Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз.

Қорытындылау

Жұмбақтардың шешуін тап та, суретін сал

Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі-сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын.

Жауабы: Қолшатыр

Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.

Жауабы: Шырша

Күндіз кірер інге,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей.

Жауабы: Ай

Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап-қурап түсемін.

Жауабы: Жапырақ (немесе өсімдік)

Үй тапсырмасы

  • Құралдардың атқаратын қызметін жаттау.
  • Еңбек құралдары мен ыдыстарды екі топқа бөліп, жинақтау.
  • Дәптерге суретін салу.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындау сапасы, дәлдігі және шығармашылық тәсілі бойынша бағаланады.