Метанның химиялық қасиеттері
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
Химия пәні мұғалімі: Саудағалиева Бибізада Ізетқызы
Сабақтың тақырыбы
Метан қатарының көмірсутектері туралы түсінік
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдістері
Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой толғаныс, репродуктивті тапсырмалар, кестелермен жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Көмірсутектерді жіктеу негізінде алкандар, алкендер, алкиндер және арендер туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
- Қаныққан көмірсутектер туралы жан-жақты ұғымды метан мысалында түсіндіру және алкандар бойынша білімді жүйелеу.
Тәрбиелік
- Оқуға саналы қатынас, жауапкершілік және өз бетінше еңбек ету дағдыларын дамыту.
- Тез ойлау, тез қорыту және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық
- Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Белсенділікті арттыру және пәнге қызығушылықты дамыту.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- 1 Интерактивті тақта
- 2 Тақырып бойынша презентация
- 3 Зертханалық құрал-жабдықтар
- 4 Екі түсті карточкалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.
Сабаққа қажетті құралдарының толықтығына және дұрыс отыруына назар аудару.
Сабақтың мақсатын түсіндіру (1-слайд).
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Сұрақ-жауап (2–11-слайдтар)
- Органикалық химия қандай химия саласы?
- Органикалық заттар дегеніміз қандай заттар?
- Органикалық химияның негізгі элементі қандай?
- Органикалық қосылыстардағы көміртектің валенттігі қандай?
- Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
- Метан құрамындағы көміртек пен сутектің массалық үлесі қандай?
- Метан табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
- Метанның физикалық қасиеттері қандай?
- Метанның химиялық қасиеттері қандай?
- Метан қандай газбен қопарылыс беретін қоспа түзеді?
2) Химиялық тәжірибе (12–13-слайдтар)
Метанның екі түрлі жағдайда жануын бақылау және нәтижесін талдау.
3) Талқылау сұрағы
Табиғи газды тұрмыста қолданудың қандай қауіптері бар?
III. Жаңа сабақты түсіндіру (14-слайд)
Көмірсутек молекуласындағы сутек атомының орнына басқа атомдар немесе атом топтары келгенде көмірсутектердің туындылары түзіледі.
Мысалы, метан молекуласындағы бір сутек атомын метил тобына (CH3) алмастырса, этан түзіледі.
Ескерту: материалдың толық нұсқасы қосымша файл түрінде ұсынылады.