Бағдарламаның басты мақсаттары

Бағдарлама мазмұны

«Қоршаған орта» авторлық бағдарламасы төмендегі бөлімдерден тұрады:

  1. 1 Түсінік хат
  2. 2 Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар
  3. 3 Күнтізбелік жоспар
  4. 4 Қолданылған әдебиеттер

Түсінік хат

1–4 сыныптарға арналған «Қоршаған орта» бағдарламасы мемлекеттік стандарт талаптарына сүйеніп құрастырылды. Бастауыш сыныпта қоршаған орта тақырыптары қазіргі талаптарға сай «Дүниетану» курсын толықтыра отырып, қосымша білім беруге бағытталған.

Бағдарламаның басты мақсаттары

  1. 1 Оқушыларға қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.
  2. 2 Қоршаған орта құрамдас бөліктерінің бір-бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру.
  3. 3 Алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілік сезімін дамыту.

Сыныптар бойынша мазмұндық бағыттар

Бағдарламада 1–4 сыныптар қамтитын білім мазмұны төмендегіше жүйеленеді.

1-сынып

Қоршаған орта мен адамның өзара қарым-қатынасы; табиғи ортаның біртұтастығы; табиғат нысандары; өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы түсініктер, сондай-ақ табиғатқа қатысты оң және теріс көзқарастардың бастауын қалыптастыру.

2-сынып

Адамның табиғатқа сұранысы мен қамқорлығы; туған өлке және атамекен ұғымдары; тұрмыстық ғимараттар мен олардың табиғи ресурстардан жасалатынын түсіндіру; тұрғылықты мекен және оның құрамдас бөліктерінің қажеттілігі туралы ой-өрісті дамыту.

3-сынып

Табиғатты пайдаланудағы теріс іс-әрекеттерді көрсету арқылы оқушылардың табиғатқа жанашырлығын ояту; өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің адамға қажеттігін дәлелді түрде ұғындыру; үй мен мектеп ауласындағы өсімдіктерге күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.

4-сынып

Өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігі, олардың бірлестіктері мен топтарын ажырату; тіршілігіне қызығушылық пен ынтаны арттыру.

Тірі организмдерді қорғаудың маңызын алғаш рет жүйелі түрде түсіндіру, Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру.

Қоршаған орта сапасы, ластану және адам денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырата білу деңгейіне дейін білімді кеңейту.

Оқу тәжірибесін бекіту

Әрбір курсты аяқтау табиғатқа шығу арқылы бекітіледі. Оқушылар естігені мен көргенін тәжірибеде байқап, табиғат құбылыстарын тікелей сезінеді. Осы арқылы туған жерге деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасады.