Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы

Сабақтың тақырыбы

Ы. Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек танысу.
  • Әңгіменің тақырыбын және жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
  • Ы. Алтынсариннің «ел болу» идеясын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, оның өміршеңдігіне көз жеткізу.

Дамытушылық

  • Шығарманың эстетикалық және идеялық мәнін түсінуге баулу.
  • Өзіндік талдау жасап, жинақтап ой қорытындылай білу дағдысын қалыптастыру.
  • Жеке және топтық жұмыста шапшаңдық пен тапқырлық танытуға үйрету.
  • Ойды әдеби тілмен жүйелі жеткізе білуге төселдіру.

Тәрбиелік

  • Ұлы ағартушының өмірлік принциптері мен биік мұраттарының мәнін түсіндіру.
  • Ел мен Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
  • Елін, жұртын сүюге және азаматтық борышты ұғынуға бағыттау.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Көрнекілігі
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба-кесте, слайд-шоу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау, топтастыру).
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, тарих.
Жабдықталуы
Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинағы, мультимедиалық проектор, слайд-шоу, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы

А) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
  • Сынып тазалығына назар аудару.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
  • Оқушыларды үш топқа бөлу.
  • Бағалау парақтарын топ басшыларына тарату.

Ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Бүгінгі ашық сабақта XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша білімдеріңді сарапқа саламыз. Әңгімелерді талдау кезінде өз ойларыңды ашық айтып, қойылған сұрақтарға толық әрі дәлелді жауап беру талап етіледі.

Қызығушылықты ояту

Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз қандай?

  • Оқу, білім алу.
  • Тәрбиелі, саналы азамат болу.
  • Кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету.

Ол үшін не істеу керек?

Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық жасап, сабақты зейін қойып тыңдау қажет. Біз ата-бабамыздың салт-дәстүрін жаңғыртатын, жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушылар болуға тиіспіз.

Тірек-сызба (түйін)

Егер әрдайым ізденіп оқып, Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерінде айтылған игі қасиеттерді бойымызға сіңірсек, келер ұрпаққа үлгі болатын азамат болып қалыптасамыз.

білімді мейірімді өнерлі инабатты жігерлі тату кішіпейіл намысты

Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіру.
  2. Сабақтың мақсаты мен құрылымын алдын ала хабарлау.

Мағынаны тану: кластер стратегиясы

Бүгінгі білімімізді толықтыру мақсатында Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен танысамыз. Алдымен «әңгіме» ұғымын нақтылайық:

Әңгіме — адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін, сюжеттік желісі бар шағын көркем шығарма.

Ыбырай Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, әңгіме жанрының дамуына зор үлес қосқан тұлға. «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-новеллаларында ол жастарды:

  • еңбекті сүюге,
  • оқу мен өнерге ұмтылуға,
  • Отанды сүюге,
  • талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға

үндейді. Ол бүкіл өмірін қазақ балаларын оқыту ісіне арнады. Шығармаларының тақырыптық-идеялық мазмұнынан ұстаз-тәрбиеші ретінде көтерген адамгершілік мәселелері айқын көрінеді.

Әңгімелеріндегі тәлім-тәрбие өзегі

ұстамдылық шыншылдық адамгершілік қайырымдылық кісілік әділдік төзімділік талаптылық еңбекқорлық достық оқу-білім өнер мейірімділік

Ой ашар: тақырыптарға топтастыру

Енді Ыбырай әңгімелерін тақырыптық бағыттарына қарай топтастырамыз:

1) Еңбекке баулитын шығармалар

2) Ұстаздық мұрасы және аудармалары

3) «Қазақ хрестоматиясы» туралы

4) Өлеңдерін жатқа айту

5) Өнер-білімді үлгі ететін шығармалар

6) Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар

Ой толғаныс: «Өнерлінің өрісі кең…»

Ыбырай әңгімелерін талдауда негізгі міндет — шығарманың басты идеясын ашып, автор көздеген мақсатты нақты таныту.

1-топ

Ойтолғаныс: «Ыбырай — әңгіме шебері»

2-топ

Арнау: «Ізбасар ұрпағы — мына біз»

3-топ

Мақала: «Ата тәрбиесі мен ғибрат»

Талдау жұмыстары

«Әдебиет лотосы»

Әр топтан бір оқушы тексеруші болып сайланады. Кесте бойынша Ыбырай әңгімелеріне талдау жасалады.

Семантикалық картамен жұмыс

Тақырыпты тереңірек түсіну үшін әр топ тапсырмаларды семантикалық карта арқылы орындайды.

Қорытынды сұрақтар

Бүгін біз нені үйрендік, нені білдік?

  1. Әңгімелерден қандай қасиеттерді бойға жинадыңдар? Нені ұғып, нені үйрендіңдер?
  2. Әңгімелер бізді қандай құндылықтарға тәрбиелейді? Ойларыңды қысқаша жазыңдар.

Екі жақты күнделік

  • Әңгімеде саған не әсер етті?
  • Несімен әсер етті?

Үй тапсырмасы

  1. Ы. Алтынсарин әңгімелерін оқу, мазмұндау.
  2. «Ы. Алтынсарин шығармалары — балалар әдебиетінің бастау көзі» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау

Оқушылар топ басшыларының бағалау парақтары негізінде бағаланады.