Қара жорға
Салтанатты бөлім
Бұл бағдарлама — аналарға, әжелерге және апаларға арналған алғыс пен құрметтің мерекелік көрінісі. Еліміздің Президентінің ұсынысымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Аналар мерекесі ретінде белгіленген. Осыған орай мектебімізде «Аналар мерекесі — өте керемет күн!» атты салтанатты жиын өткізіледі.
Жүргізушілердің құттықтау сөзі
1-жүргізуші
Ардақты аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осы мерейлі мереке тек игі жақсылықтар әкелсін. Бүгінгі мерекелік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар қауымының төл мерекесі құтты болсын! Сенен өскен балалар — батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мерекемен, құрметті жан аналар!
Твои руки снова возвращают в детство,
От любой печали ты находишь средство.
Моя благодарность тебе безгранична:
Если ты смеёшься — значит, всё отлично!
Аналар күніне арналған салтанатты жиынымыз ашық деп жарияланады!
Оқушылардың арнауы
4 «В» сыныбы
Өлең: «Мамочка моя милая!»
Мамочка, мамулечка моя,
Ты достойна в мире всех наград.
С праздником, милая, тебя —
Пусть все ангелы тебя хранят.
Будь, родная, счастлива всегда,
Чтоб здоровье было крепче стали,
Чтоб тебя не старили года,
И заботы чтоб не огорчали.
Только радость новый день дарил,
И цветов любимых — целый ворох,
Чтоб тебя всегда боготворил
И был рядом тот, кто тебе дорог!
Ана десем — шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген — тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Осы өлең жолдарын арқау ете отырып, алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Каримжанов Бахриден Сарбасұлына беріледі.
Музыкалық нөмірлер
Ән
«Бала тілегі»
Орындайды: әнші шәкірттер
Ән
«Мамина улыбка»
Орындайды: 5 «Б» сыныбы
Ән
«Гүлдерайым»
Орындайды: Елюбаева Дариға, 3 «Г» сыныбы
Би бағдарламасы
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп,
Иықтан шашып төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге…
Би
«Боз жорға»
Орындайды: 4 «А» – 5 «А» сынып оқушылары
Заманауи би
«Поварята»
Мерекелік көңіл күй сыйлайтын қойылым
Би
«Мама»
Орындайды: 6 «Б» сынып оқушылары
Би
«Қара жорға»
Орындайды: 4 «А» сынып оқушылары
Флешмоб
«Самая, самая»
Орындайды: 8 «А» – 9 «А» сынып оқушылары
Всегда легко обидеть мать —
Она обиду не заметит.
И только может вам сказать:
«Не простудись, сегодня ветер».
Любите люди матерей,
Им в этой жизни мало надо —
Любовь и преданность детей
Для них — превысшая награда!
Мама — это значит нежность,
Это ласка, доброта.
Мама — это безмятежность,
Это радость, красота!
«Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй…» — деп Абай атамыз айтқандай, өнердің шуағы мерекемізді ажарландыра берсін.
Көркем сөз
Оқушылар
Ержанова Әсем, 6 «В» сыныбы
Ана, сен бақыттысың — жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой, тірімін ғой, қасыңдамын,
Өлмеймін — мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді,
Аспанға жазсам сенің есіміңді!
Ана, сен бақыттысың — тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Ойын бөлімі
Жүргізушілер
Ойын бағдарламасы
Жүргізеді: 9 «Б» сынып оқушылары
Сіздер — күнсіз аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған.
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Қорытынды тілек
Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі, қуаныш пен шаттық нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын!
Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!