Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зиянын айту

Мақсат, күтілетін нәтиже және негізгі идея

Мақсаты

  • Ақын туралы мағлұмат беру.
  • Мысалды түсініп оқып, негізгі ойды анықтауға үйрету.
  • Мазмұны бойынша қорытынды пікір айту дағдысын қалыптастыру.
  • Мысалдың негізгі идеясын ашу.

Күтілетін нәтиже

Оқиға желісіне сүйене отырып, оқушылар Көбелек пен Шыбынға мінездеме береді және мәтіннен өмірлік сабақ алады.

Негізгі идея

  • Шыбын — сүйкімсіз, жек көрінішті, сұғанақ.
  • Көбелек — әдемі, сүйкімді, айналаға зияны жоқ, даланың көркі.
  • Көбелектің ғұмыры қысқа болса да, бақытты дәурен кешетін жәндік екені түсіндіріледі.

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Сабақтың құрылымы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау.
  3. Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма

  • «Сапар мен Парта» шығармасын сахналау.
  • 1–2 оқушыдан жатқа айту.
  • Партаның суретін салу.

Қорытынды сұрақтар

  1. Адырбек Сопыбеков кім? Ол туралы не білеміз?
  2. Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады?
  3. Парта Сапарға неге ренжіді?
  4. Сапар өз кінәсін мойындады ма? Мұны өлеңнің қай шумағынан байқауға болады?
  5. Диалог дегеніміз не?

Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

  1. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
  2. Автор туралы қысқаша дерек беру.

Сейітқұл Оспанов туралы

  • Оспанов Сейітқұл (1955–2003) — 30 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген.
  • 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
  • «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Пионер», «Зерде», «Парасат» журналдарында, «Жетісу» газетінде еңбек еткен.
  • 1994–2003 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратында аударма секторының меңгерушісі болған.
  • «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясында қызмет атқарған.
  • Жыр жинақтары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ».
    Проза кітаптары: «Ағашат», «Бақытты үй», «Самый сладкий день», «Құлдар көтерілісі».

Оқулықпен жұмыс

Жигсо әдісі

  • «Шыбын мен Көбелек» мысалын іштей оқу.
  • Жұппен бірін-бірі оқыту.
  • Постер құрастыру.

Сөздікпен жұмыс

Көз шырымын алу
— ұйықтау.
Қауыз
— ашылғалы тұрған гүл басының жұқа қабығы.
Жұқсыз
— сүйкімсіз, жек көрінішті.
Сұғанақ
— ұры, ұрлыққа бейім.
Сапалақ
— шыбын қағатын құрал.
Шылғи өтірік
— мүлде өтірік.

Сергіту сәті

Оқушылардың назарын қайта шоғырландыру үшін қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

Талдау және шығармашылық тапсырмалар

Салыстыру

  • Шыбын мен Көбелектің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау (сурет арқылы).
  • Екеуінің пайдасы мен зиянын айту.
  • Сурет бойынша мінездеме беру.

Рөлге бөліп оқу

  • Шыбын мен Көбелектің диалогін рөлге бөліп мәнерлеп оқу.
  • Сөйлеу мәдениетіне, интонацияға назар аудару.

5 жолды өлең (синквейн) құрастыру

  1. 1 сөз — зат есім
  2. 2 сөз — сын есім
  3. 3 сөз — етістік
  4. 4 сөз — зат есімге байланысты сөйлем/тіркес
  5. 5 сөз — зат есімге синоним

Қорытынды сұрақтар

  1. Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды?
  2. Шыбын не деп мақтанды?
  3. Көбелек оған не деді?
  4. Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың?

Мақал-мәтелдер

  • Алтау ала болса, ауыздағы кетер; төртеу түгел болса, төбедегі келер.
  • Еңбек — бәрін де жеңбек.
  • Бірлік болмай, тірлік болмас.
  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
  • Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.

Үй тапсырмасы

  • Сейітқұл Оспанов туралы мәліметті қайталау.
  • «Шыбын мен Көбелек» мысалын оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.

Бағалау

Сабақ соңында оқушылардың жұмысын бағалау критерийлері бойынша жинақтап, бағалау парақшалары негізінде қорытынды баға қойылады.