Ертегі мазмұнын әңгімелету

Сабақтың барысы

Бұл сабақта оқушылар мәтін ұғымын тереңірек меңгеріп, тақырып пен негізгі ойды ажыратуға, мәтін түрлерін тануға және ертегі мазмұнын жүйелі баяндауға машықтанады.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қазақ тілі – өмірің де, өлең де,

Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.

Қазақ тілі – болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге.

2) Үй тапсырмасын тексеру

3-жаттығу: мәтінді сөйлемдерге бөліп, дәптерге сауатты көшіріп жазу.

3) Өтілгенді қайталау

Мәтін

Мәтіндегі сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысты болады. Мәтінге ат қоюға болады.

Мәтінге ат қою

Мәтінге ат қою — оның тақырыбын немесе негізгі ойын қысқаша атау.

Тақырып

Тақырып — мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.

Негізгі ой

Негізгі ой — автордың айтқысы келген басты пікірі. Тақырып пен негізгі ой өзара тығыз байланысты.

Тірек сызба

Басы

Кіріспе бөлік

Негізгі бөлім

Оқиға, ой өрбуі

Соңы

Қорытынды

Мәтіннің түрлері

  • Әңгімелеу
  • Сипаттау
  • Пайымдау

4) Дәптермен жұмыс

Көркем жазу: Аа, апан.

5) Оқулықпен жұмыс

4-жаттығу (терең ойлау): қыздың көргені бойынша жазған әңгімесін ретке келтіріп жаз. Әңгімең қалай шықты? Көшіріп жазып, дауыстап оқы.

5-жаттығу: суреттерге қара. Бұлар қай ертегі бойынша салынған? Төмендегі сөйлемдердің берілу реті сурет мазмұнына сәйкес келе ме? Сурет ретімен сөйлемдерді көшіріп жаз.

6-жаттығу: ертегі мазмұнын әңгімеле.

«Түлкі мен ешкі» ертегісін айтуға дайындал:

  1. Суреттер мен сөйлемдер арқылы.
  2. Суреттердің көмегімен.
  3. Есіңде қалғаны бойынша.

6) Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды созайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.

7) Бекіту тапсырмалары

7-жаттығу: 5-жаттығуда қарамен берілген сөздерді ертегі мазмұнының ретіне қарай көшіріп жаз. Неліктен бұл сөздер тірек сөздер бола алатынын ауызша түсіндір.

8-жаттығу: «Түлкі мен құмыра» ертегісін оқы. Сөйлемдердегі сұрау сөздердің көмегімен тірек сөздерді тауып жаз.

  1. Әйел шөптің арасына нені қойды?
  2. Сүті бар құмыраны не көріп қалды?
  3. Түлкі басын қайда сұқты?
  4. Құмырадан басын шығара алмаған түлкі не істеді?
  5. Түлкі немен бірге суға батып кетті?

Тірек сөздерді пайдаланып, ертегінің мазмұнын айтып бер.

8) Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

1-топ

«Мәтін» сөзін топтастыру (кластер құру).

2-топ

«Менің досым» тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрастырып жазу.

3-топ

Берілген сурет бойынша әңгіме құрап жазу.

Әр топтың жұмысы тыңдалып, қысқаша талқыланады.

9) Қорытынды

  • Мәтіннің белгілерін, құрылымын (басы–негізгі бөлім–соңы) қайталау.
  • Тақырып пен негізгі ойды ажырата білуін бағалау.
  • Ертегі мазмұнын тірек сөздер арқылы жүйелі әңгімелеу дағдысын бекіту.

10) Үй тапсырмасы

Ережелерді қайталау.

11) Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, жауаптарының дәлдігіне және тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.