Тұқым және жеміс
Сабақтың тақырыбы
Тұқым және жеміс.
Мақсаты (білімділік)
Оқушыларға өсімдіктің өсуі мен өнуі, жетіліп жеміске айналуы туралы мағлұмат беру.
Мақсаты (дамытушылық)
Оқушының дүниетанымын, қызығушылығын, ой-өрісін, есте сақтауын, ақыл-ойын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Мақсаты (тәрбиелік)
Табиғатты аялауға, қорғауға және экологияны жақсартуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру
- Салыстыру
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Көрнекілік
- Тұқымдар
- Жемістердің суреттері
- Интерактивті тақта
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа — баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Топқа бөлу
1-топ
Алма
2-топ
Алмұрт
3-топ
Жүзім
4-топ
Өрік
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Күн мен түн» ойыныЖапырақтарға жасырылған сұрақтар арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз.
- 1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады?
- 2. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?
- 3. Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады? (Хлорофилл)
-
4. Күзде жапырақтың түсі неге өзгереді?
Күн сәулесінің әсерінен жапырақта хлорофилл пайда болады. Ол жапыраққа жасыл түс береді.
- 5. Жапырақ неге сарғаяды?
- 6. Жерге түскен жапырақтардың және қураған шөптердің қандай пайдасы бар?
- 7. Өсімдік не арқылы тыныс алады?
- 8. Қандай өсімдіктердің жапырақтары жыл бойы жасыл түсте болады?
Қорытынды: түскен жапырақтар мен қураған шөптерді топыраққа көму — жердің құнарын арттыруға көмектеседі.
III. Жаңа сабақ
Жұмбақ шешуЖұмбақ 1
Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп-өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің.
Интерактивті тақтадан тұқымдарды көрсетіп, олардың атауларын ататамыз.
Жұмбақ 2
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Жемістердің суреттерін көрсетіп, ерекшеліктерін талқылаймыз.
Негізгі ой
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Тұқым және жеміс». Бұл — өсімдіктің көбею мүшелері. Өсімдіктің дамуы: алдымен тамыр, кейін сабақ, жапырақ, гүл пайда болып, соңында жеміс түзіледі.
Өсімдіктің даму реті (сұрақ-жауап)
- Алдымен не көрінеді?
- Тамыр.
- Тамыр қайда бекиді?
- Топырақта.
- Келесіде не пайда болады?
- Сабақ, одан кейін жапырақ пен гүл.
- Жеміс қалай түзіледі?
- Гүл ашылып, күлтелері түскен соң, гүлдің орнына жеміс пайда болады.
Жемістердің түрлері
Жемістер екіге бөлінеді: шырынды және құрғақ.
Шырынды жемістер
Өрік, шие, жүзім, қияр, қарбыз, алма және т.б.
Құрғақ жемістер
Бидай, жүгері, жаңғақ, бұршақ, күріш, тары және т.б.
Тұқым түрлері
Кейбір жемістердің тұқымы да екіге бөлінеді: сүйекті және жұмсақ.
Сүйекті
Өрік, алхоры, шие
Жұмсақ
Қызанақ, қияр, құлпынай
Тұқымның таралу жолдары
Көптеген өсімдіктердің тұқымын адамдар әдейі екпейді. Олар жел, жануарлар және су арқылы таралады.
Мысалы, шырша мен қарағайдың бүрін тиін жинап, қысқа қор дайындайды. Қыста жасырған бүрлерінің бәрін бірдей таба алмайды. Көктемде сол қалып қойған бүрлер өне бастайды.
IV. Оқулықпен жұмыс
Сөзжұмбақ: «Бақша»Жұмбақтар (сөзжұмбаққа)
- 1. Көк лағым көгенде тұрып семірген.
- 2. Байлауда ақтап сенімді, көміп қойдым сығалап — сары қозым семірді.
- 3. Аласа ғана бойы бар, қырық қабат тоны бар.
- 4. Айт десе жүгірмес, су тисе сілкінбес.
- 5. Пішіні домалақ. Жақсы болса тұрмысы, шығады екен сығалап. Бес ай таман біткенде, қаптап алдым құмалақ.
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді бөліктерге бөліп оқимыз, негізгі ойды табамыз.
- Талқылау сұрағы: Табиғатты қорғау туралы қандай ақыл-кеңестер білесіңдер?
V. Шығармашылық тапсырма
Дәм арқылы тану
Жемістерді дәмін татып көріп, атауын анықтаймыз.
Сипаттау мәтіні
Әр топ өзіне түскен жеміс туралы қысқа сипаттау мәтінін жазады.
Таныстыру
Жазған мәтінді дауыстап оқып, сынып алдында қорғаймыз.
VI. Ойын
«Кім алғыр?»Есте сақтау қабілетін байқап, жылдам жауап беруге жаттығамыз.
VII. Сабақты бекіту
«Иә / Жоқ»1. Жеміс жапырақтан жетіледі. (Дұрысы: гүл түйінінен.)
2. Тұқым екіге бөлінеді.
3. Қиярдың тұқымы сүйекті болады. (Дұрысы: жұмсақ.)
4. Жемістер үшке бөлінеді. (Дұрысы: екіге бөлінеді.)
5. Қауын — шырынды жеміс.
6. Өсімдіктер тұқымдары арқылы таралады.
7. Тамыр сабақта бекиді. (Дұрысы: топырақта.)
8. Өсімдіктердің тұқымы желмен таралмайды. (Дұрысы: желмен тарайды.)
9. Қызанақ ағашта өседі. (Жоқ.)
10. Түйе шөлге шыдамсыз. (Дұрысы: шыдамды.)
11. Су — иіссіз, дәмсіз. (Иә.)
VIII. Сабақты қорыту
Венн диаграммасы арқылы тұқым мен жемістің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, негізгі қорытынды жасаймыз.
IX. Бағалау және кері байланыс
Сабақ соңында оқушылардың жұмысы бағаланады және «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» сұрағы арқылы қысқа кері байланыс алынады.
Үй тапсырмасы
- Өзіңе ұнаған жемісті сипаттап, шағын зерттеу жасап келу.
- «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу және әңгімелеу.