Суреттерге қарап тақырып таңдайсыңдар

Сабақтың мақсаты

Шығармашылардың ортақ қырлары мен ерекшеліктерін салыстырып, талдай білуге үйрету.

Балалардың музыкаға деген сезімін оятып, ой белсенділігін арттыру және әуенге сай үйлесімді қимылдар жасауға бағыттау.

Өз жерінен шыққан сазгерлермен таныстырып, музыкаға қызығушылығын күшейту арқылы ел тарихына деген танымын кеңейту.

Музыканы тыңдата отырып, баланың ақыл-ойына және сезіміне ықпал ету, жүрекпен ұғына білу қасиетін дамыту; ән айту мен би билеу қабілеттерін жетілдіру.

Ептілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Жаттату
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Жеке баламен жұмыс
  • Бағалау
  • Қорытындылау

Көрнекіліктер

  • Үнтаспа
  • Баян аспабы
  • Теледидар
  • Нота ұяшықтары
  • Плакаттар, суреттер
  • Буратино кейіпкері, сандықша, сиқырлы кілт, нота белгісі
  • Залды безендіруге арналған шарлар және т.б.

Пәнаралық байланыс

Математика Дене тәрбиесі Тіл дамыту Көркем әдебиет

Сабақ барысы

Кіріспе: шеңберге шығу әні

Балалар залдың екі жағында тұрады.

Ән жетекшісі

Екі-екіден қол ұстасып,
Біз шығамыз ортаға.
Дөңгелейміз биге баса,
Қане, достар, қоршала!

Балалар

Біз балдырған көңілді,
Жайнатамыз өмірді!

Бірге:

Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшу — ойымыз.
Оң аяқ пен сол аяқ,
Би билейді қосылып.
Біз балдырған көңілді,
Жайнатамыз өмірді!

Ән жетекшісі

Жарайсыңдар, балалар! Біз жыл бойы ән-әуез сабағында не үйрендік, не білдік — соны тексеру үшін «Әуенді тап» ойын арнасын дайындадым. Қазір мен алақанымды үш рет соққанда сахна ашылады. Дайынбыз ба? 1, 2, 3!

Ойын шарты

Экранда 4 тақырып беріледі. Әр тақырыптың ішінде суреттер бар. Суреттерге қарап, тақырыпты таңдайсыңдар.

Тақырыптардың ішінде жыл бойы өткен төрт мезгілге байланысты әндер мен билерге қатысты тапсырмалар жасырылған.

Сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдеріңді көрсетесіңдер.

Ойынды екі топ болып ойнаймыз.

Топтарға бөліну

І топ

Айгөлек

Музыка белгісінің оң жағына орналасады.

ІІ топ

Қамажай

Музыка белгісінің сол жағына орналасады.

Жұмбақ

Басы бар, денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың, болсаң зерек, осыны тез.
Қозғасаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша, әр тараптан айтады сөз.

Жауабы: Қамажай тобы бірінші болып тапты, сондықтан ойынды бірінші бастайды.

«Әуенді тап» тапсырмалары

1-тапсырма (Қамажай): әнді таны

Экрандағы 3-қатардағы сурет таңдалады. Үнтаспадан ән тыңдалып, атауы анықталады.

Жауап

Бұл ән — «Анашым». Біз оны 8 наурыз мерекесіне үйренгенбіз.

Тыңдалған нұсқа: жергілікті сазгер Болатбек Кенжалиевтың «Анашым» әні, орындаушы — Кенжалы Асқаров.

2-тапсырма (Айгөлек): дыбысты сал

1-қатардағы дауыс жаттықтырып тұрған балалардың суреті таңдалады. Тапсырма: үй құсының дауысын салу.

Жауап

Бұл — әтеш.

Дыбысы:

Ку-ка-ре-ку!

3-тапсырма (Қамажай): көктем әні

4-қатардағы ән айтып тұрған апайдың суреті таңдалады. Сұрақ: көктем мезгіліне арналған қандай ән білесіңдер?

Жауап

Біз «Ару көктем» әнін білеміз және орындап береміз.

Ән: «Ару көктем»

4-тапсырма (Айгөлек): қазақ биі

2-нөмірлі ұяшықтағы билеп жүрген қыздардың суреті таңдалады. Сұрақ: әр ұлттың билері ішінен қандай қазақ биін білесіңдер?

Жауап

Біз «Айгөлек» биін білеміз және билеп береміз.

Би: «Айгөлек»

Айгөлек және Қамажай тобының балалары өте өнерлі! Өнерлерің өрге жүзсін!

Балалар, ойын сендерге ұнады ма?

Қонақ кейіпкер: Буратино

Күтпеген әуен

Бір сәтте зал жақтан әдемі әуен естіледі. Балалар тыңдай қалады.

Буратино

Сәлем, достар! Мен ертегілер елінен келдім. Мұнда «Әуенді тап» ойыны өтіп жатыр дегенді естіп, өз үлесімді қосқым келді. Сендер өте көңілді екенсіңдер. Мен де сендермен бірге ойнасам деймін. Қалай қарайсыңдар?

Ойын: «Биле, достар!»

Буратиноның сандықшасында жануарлардың суреттері бар. Ол суретті көрсеткенде, балалар сол жануардың дауысын салып, қимылын көрсетіп, билейді.

Ән жетекшісі

Жарайсың, Буратино! Сен қызықты ойын біледі екенсің. Балалардың көңілін көтеріп тастадың.

Балалар, Буратиноға не дейміз? Рахмет!

Қорытынды

Бүгін сендер жыл бойы алған білімдеріңді ортаға салып, жан-жақты көрсете білдіңдер. Әсем әндерің мен көңілді билерің бәрімізге қуаныш сыйлады.

Өнерлі де білімді, талантты да тапқыр болып өсіңдер!

Балалар

Біз балдырған көңілді — жайнатамыз өмірді!