Тест тапсырмасы
Сабақ туралы мәлімет
- Мекеме
- Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта мектебі
- Мұғалім
- Бастауыш сынып мұғалімі Аспантаева Лида Батырбековна
- Сабақ тақырыбы
- Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Сабақ мақсаты
Білімділік
- Конус пішінін жасау тәсілін меңгерту.
- Ұлттық киімдерді конус пішінді үлгілер арқылы құрастыру жолын үйрету.
Дамытушылық
- Оқушылардың ұлттық киім туралы түсінігін кеңейту.
- Киім үлгісін жасауға қызығушылығын арттыру.
- Шығармашылықпен жұмыс жасау дағдысын дамыту.
Тәрбиелілік
- Ұқыптылыққа баулу.
- Эстетикалық талғам мен танымды қалыптастыру.
- Ұлттық мұраға құрмет сезімін күшейту.
Көрнекіліктер мен қажетті материалдар
Көрнекіліктер
- Слайд
- Интерактивті тақта
- Нұсқау карта
- Ұлттық киім үлгілері
Құралдар мен материалдар
- Қағаз
- Түрлі түсті қағаз
- Мата
- Таспа
- Желім
- Қылқалам
- Қарындаш
- Қайшы
- Жіп
- Циркуль
Сабақ барысы
-
I
Психологиялық тренинг
Сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру, бірлескен жұмысқа бағыттау.
-
II
Ереже құру
Сыныптағы жұмыс тәртібін келісіп алу: бір-бірін тыңдау, құралдарды дұрыс пайдалану, қауіпсіздікті сақтау.
-
III
Кіріспе: видеофильм
Оқушылар ұлттық киім үлгілері туралы бейнематериал қарап, алғашқы әсері мен байқаған ерекшеліктерін талқылайды.
Талқылау сұрақтары
- Не байқадыңдар?
- Не көрдік?
- Қандай ұлттық киімдерді көрдік?
- Қазір көшеде ұлттық киім киген адамдарды кездестіресіңдер ме?
- Ұлттық киімдер көбіне қай уақыттарда киіледі?
Қауіпсіздік ережелері
- Қайшыны біреуге ұсынған кезде, ұшын өзіңе қаратып ұста.
- Қайшыны ашық қалдырма.
- Қағазды ұстап тұрған саусақты қиятын сызыққа тым жақын ұстама.
Практикалық бөлім
«Әже» бейнесін жасау ретін түсіндіру
Мұғалім конус пішінін құрастыру арқылы ұлттық киім элементтерін қалай үйлестіру керегін кезең-кезеңімен көрсетеді. Оқушылар қағаз бен матаны пайдаланып, үлгіні безендіру тәсілдерін қолданады.
Негізгі пішін
Конус
Құрастыру
Қию, бүктеу, жапсыру
Безендіру
Таспа, мата, өрнек элементтері
Қорытынды сұрақтар мен тапсырмалар
- Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін ата.
- Олар қалай аталады?
- Ұлттық мерекелік киімдердің күнделікті киетін киімдерден айырмашылығы қандай?
- Ұлттық киімдерді қалай безендіреді?
Тест тапсырмалары
1) Композиция дегеніміз не?
- AЗаттың жанынан қарағандағы сұлбасы.
- ӘДайын бұйымды бейнелеп салу.
- БТүрі мен түсі әртүрлі безендіру элементтерін өзара сәйкестендіріп, үйлестіріп орналастыру.
2) Панно дегеніміз не?
- AБелгілі бір мекеме не үйдің қабырғасын безендіретін сурет.
- ӘШеңбер жасауға арналған құрал.
- БЗергерлік бұйым салатын қобдиша.
3) Пішін деген не?
- AЖүннен жасалған бұйым.
- ӘБір заттың басқа материалдан жасалған шағын үлгісі.
- БКөркемделген бедер.
4) Фольга дегеніміз не?
- AАлюминий мен қорғасын металдарының қоспасынан дайындалған материал.
- ӘҚапталып дайындалған бұйым.
- БТүрлі әшекейлер.
5) Кесте дегеніміз не?
- AҚағаздан жасалған бұйым.
- ӘҚазақ халқының қолөнерінің бір түрі.
- БТігіс түрлері.
Бағалау және рефлексия
Бағалау
- Қауіпсіздік ережесін сақтау.
- Конус пішінін дұрыс құрастыру.
- Ұлттық киім элементтерін үйлесімді орналастыру.
- Ұқыптылық пен эстетикалық безендіру.
Қорытынды
Сұрақ: «Біз нені үйрендік?»
Оқушылар конус пішінін жасау тәсілін меңгеріп, ұлттық киім үлгісін құрастыру және оны безендірудің негізгі жолдарымен танысады.