Әріп санымен дыбыс саны сай келмейтін сөз ойлап жазу

Сабақтан тыс жұмыс: «Сөзстан еліне саяхат»

Мақсаты

  • Оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру.
  • Ойлану арқылы жауапты нақты, сауатты жеткізе білуге жаттықтыру.
  • Грамматикалық білім деңгейін байқап, бекіту.

Көрнекілігі

  • Карта
  • Карточкалар
  • Сабаққа қажетті басқа да құралдар

Бағалау

Дұрыс шешім тапқан топтарға жауап сапасына қарай ұпай беріледі.

Қызыл жолақ

5 ұпай

Көк жолақ

4 ұпай

Сары жолақ

3 ұпай

Сабақтың өту тәртібі

  1. Оқушыларды үш топқа бөлу және топ басшыларын тағайындау.
  2. Әр топқа жеке тапсырмалар беру.
  3. Жауаптарға қарай ұпай есептеу және нәтижені белгілеу.
  4. Әділқазылар алқасын бекіту және орындарына отырғызу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

«Сөзстан» атымен өткізілетін бұл сыныптан тыс жұмыс қазақ тілінен алған біліміміздің деңгейін байқап, оны қаншалықты меңгергенімізді көрсетуге арналған. Ендеше, бәріміз грамматиканың қызықтарына бірге саяхат жасайық.

Тапсырмалар топтамасы

Әр тапсырма кезең-кезеңімен орындалады. Топтар белсенділік, дәлдік және шапшаңдық бойынша бағаланады.

I тапсырма: Сөзжұмбақ ойыны (фонетика)

1-топ

Бірі айтылады да естіледі, екіншісі жазылады да көрінеді. Ол не?

Жауабы: Дыбыс пен әріп

2-топ

«Ж»-дан басталса — жыл мезгілі, «Қ»-дан басталса — құс атауы. Ол не?

Жауабы: Жаз — қаз

3-топ

«К»-ден басталсам, маған қарап сабақ айтады; «П»-дан басталсам, маған балалар жүгін артады. Ол не?

Жауабы: Карта — парта

II тапсырма: Адасқан әріптер

Мәтіндегі қате жазылған сөздерді түзетіп, сөйлемді дұрыс нұсқада жазыңыз.

1-топ

  • Көз түсті.
  • Тырмалар жылы жаққа ұшты.
  • Ешкі егіз бақ тапты.

2-топ

  • Қаздар сынып бөлмесін жуды.
  • Ұл малалар дәлізді жуды.
  • Марат қыныпқа кенді.

3-топ

  • Күләй кеспе тікті.
  • Құралай құлақ құрады.
  • Жамал сурет қалды.

III тапсырма: Карточкамен жұмыс

1-топ

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, ұқсас буынды сөз құраңыз. Берілген екі әріпті өз орнымен қолдану керек.

... ұ ... ы ...
... ұ ... ы ...
... ұ ... ы ...
... ұ ... ы ...

2-топ

Көп нүктенің орнына лайықты әріптер қойып, берілген бір әріпті қатыстыра отырып ұқсас буынды сөз құраңыз.

... ... ... м ...
... ... ... м ...
... ... ... м ...
... ... ... м ...

3-топ

«Ғақ» буынына аяқталатын екі буынды 2 сөз ойлап жазыңыз.

... ғақ
... ғақ

IV тапсырма: Топ басшыларының жарысы

Карточка бойынша бірдей тапсырма беріледі. Уақыт, орындау сапасы және шапшаңдық салыстырылады.

1) Жалқы есімдерді табу және қатені түзету

Мысық, марат, көкшетау, дәптер, перизат, сырдария, жарас, сұлу-төбе.

2) Мақалдың сыңарын табу

Отан …

Отан …

Отан …

3) Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру

  • «Алтын асықтай»
  • «Көрсе қызар»

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.

V тапсырма: Орфографиялық жұмбақ

Топтар кезекпен таңдап, тақтадағы жапырақшаларда берілген тапсырмаларды орындайды.

  1. Үнемі дауысты дыбыстан соң жазылатын қай әріп?
  2. Әріп саны мен дыбыс саны сай келмейтін сөз ойлап жазыңыз.
  3. Берілген сөздерді ауыстырып, жаңа сөз ойлап жазыңыз: Мысық — Ескек — Таза.
  4. «Қарлығаш» сөзіндегі әріптерді қолданып, сөз тауып жазыңыз.
  5. Алдынан да, артынан да оқығанда бірдей шығатын сөзді табыңыз.
  6. «Сыпайы» сөзіне жуық сөздер табыңыз.

VI тапсырма: Сюжетті сурет бойынша жұмыс

Суретке ат қойып, қысқа әңгіме жазыңыз.

1-топ

Жайлау көрінісі

2-топ

Құстарға ұя жасау

3-топ

Үлкенге көмектесу көрінісі

VII тапсырма: Сөйлемді суретпен толықтыру

Берілген сөйлемдердегі сөздің орнына тиісті сурет салып, сөйлемді қайта жазыңыз. Үш топ бірдей орындайды.

  • Мен бақтан алма тердім.
  • Аулада балалар доп ойнады.
  • Сымбат қарындаш сатып алды.
  • Балалар шана тепті.
  • Сынып бөлмесіне көп гүл әкелді.

VIII тапсырма: Тіл туралы қанатты сөздердің мәнін ашу

Берілген нақыл сөздердің мазмұнын түсіндіріп, өмірмен байланыстырып айтыңыз.

1-топ

  • «Өнер алды — қызыл тіл.»
  • «Қызыл тіл — жанның мияты.»

2-топ

  • «Тіл қылыштан өткір.»
  • «Піл көтермегенді тіл көтереді.»

3-топ

  • «Өткірдің жүзі, кестенің бізі. Өрнегін сендей сала алмас.»

IX тапсырма: Топ жетекшілерінің сараптамасы

Топ жетекшілері өз топтарының сабаққа қатысуы туралы қысқаша талдау жасайды: белсенділік, тәртіп, тапсырманы орындау сапасы.

X тапсырма: Қазылар қорытындысы

Әділқазылар алқасының қорытындысы тыңдалады, ұпай саны жарияланып, үздік топ анықталады.