Тез шешім қабылдай білу қаблетін арттыру

Балабақшада ойын терапиясын қолдану

Әрбір баланың бойында ойынға деген қызығушылық пен ынта-жігер болады. Сол қызығушылықты жүйелі түрде қолдап, қанағаттандырып отыру маңызды.

«Бала өмірі — ойын арқылы дамиды».
А. С. Макаренко

Ойын терапиясы деген не?

Ойын терапиясы — ересектер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерін шешуге, сондай-ақ баланың жеке және эмоционалдық дамуын қолдауға бағытталған арнайы ойындарды қолдану тәсілі.

Ойын арқылы дамитын дағдылар

Арнайы ұйымдастырылған ойындар баланың танымдық және коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытып, жағымды әлеуметтік тәжірибе жинақтауына көмектеседі. Нақтырақ айтқанда, ойын арқылы:

  • зейіні, есте сақтау қабілеті және ойлауы дамиды;

  • ауызша сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

  • адамгершілік сезімі оянып, мейірімділік пен жауапкершілік дағдылары нығаяды;

  • адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді;

  • басқа ұлт өкілдеріне қатысты достық сезім пен сыйластық тәрбиеленеді.

Ойын терапиясының тиімділігі

Қорқынышты азайту

Күтпеген жағдайлардан, жазалаудан және жалғыздықтан туындайтын қорқыныш сезімін төмендетуге көмектеседі.

Шешім қабылдау

Жылдам ой қорытып, нақты шешім қабылдай білу қабілетін арттырады.

Топта өзін ұстау

Топ ішінде өзін-өзі ұстау ережелерін меңгертіп, әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастырады.

Ата-ана мен бала байланысы

Ата-аналармен балалар арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға ықпал етеді.

Қимыл-қозғалыс және ептілік

Қозғалыс бағыттарын бағдарлауын күшейтіп, ептілік пен үйлесімділікті дамытуға мүмкіндік береді.

Әдіскер

М. Мукушева