Жасаған жұмыстарын қарай отырып бағалау

Сабақтың тақырыбы

Ас үй жабдықтары

9-сынып

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық өнерді тиімді қолдана білуге бағыттау. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын күшейту; әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық

Ұлттық өнер туралы білімдерін жүйелеп, шығармашылық қиялын дамыту. Шеберлігін ұштап, жоспарлаған мақсатына жетуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Жауапкершілікке тәрбиелеу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын нығайту; ұқыптылық пен еңбек мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Көрнекіліктер

  • Технологиялық карта
  • Суреттер

Құрал-жабдықтар

  • Ағаш бөліктері
  • Штангенциркуль
  • Лак
  • Ара
  • Бояулар
  • СТД–120 ағаш жону станогі

Сабақтың әдісі

Түсіндіру Топпен жұмыс Сарамандық жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, арнайы киімнің сақталуын қадағалау, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру және жұмыс орнын дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптың меңгерілу деңгейін тест арқылы анықтау.

III. Жаңа сабақ

«Ас – адамның арқауы» деген нақылға сай, ас дайындауға арналған ас үй жабдықтарын шеберлер экологиялық таза материалдардан сапалы әрі көркем етіп жасайды. Бүгін біз ас үй жабдықтарын жасауды үйренеміз.

Бұл жұмыс аса күрделі емес, бірақ ынта-ықылас, ептілік және шеберлік қажет. Ас үй жабдықтары әр отбасы үшін маңызды тұрмыстық бұйымдардың бірі.

Бұйымды көк терек пен қарағайдан жасауға болады. Осы сабақта біз оны қалдық ағаштардан және үшқаттан (қабатты фанерадан) жасап көреміз.

IV. Сарамандық жұмысты ұйымдастыру

  • а Жұмыс топпен орындалады: СТД–120 ағаш жону станогінде технологиялық карта бойынша ағаштан ас үй жабдықтарын жасау.
  • ә Оқушылар өз шеберлігін шыңдап, шығармашылық қабілетін көрсетуі тиіс.
  • б Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру және жұмыс барысында қатаң сақтау.

V. Сергіту сәті: жұмбақтар

Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманды отап кетті.

Жауабы: Балта

Кедір-бұдыр тақтайды,
Тегістейтін тілімен.

Жауабы: Сүргі

Жүзі тісі бар,
Қақ бөледі бөренені,
Өз күші бар.

Жауабы: Ара

VI. Сабақты қорытындылау

Теориялық және практикалық бөлімді қорытындылау үшін сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша кестені толтыру:

Рефлексия

Не білдім?

Рефлексия

Нені үйрендім?

Рефлексия

Нені жақсартамын?

VII. Бағалау

Оқушылардың жасаған бұйымдарын қарап, орындау сапасы мен қауіпсіздік талаптарын сақтауына қарай бағалау.

VIII. Үй тапсырмасы

Мәнжазба жазу.

Автор туралы мәлімет

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі Балмұханов Нұрболат Қобланұлы.